Сен тұр - мен айтайын!

Құрбымның күйеуінсіз келгенін көрген молда біраз әрекеттер жасап тастапты...

  • Құрбымның күйеуінсіз келгенін көрген молда біраз әрекеттер жасап тастапты...

    Құрбымның күйеуінсіз келгенін көрген молда біраз әрекеттер жасап тастапты...

Өмірдің тəш-пішінен қиналыңқырап жүрген құрбым, күйеуі екеуінің үлкен молдаға оқытылып жүргенін айтқан. "Денемнің ауырлағаны жеңілдеп, үйдіндегі ми ашытар байының содан бері үні шықпай аузы жабылды" – деген. Мақтаулы молдасы аяттар оқып, үскіріп дем салады екен. Сонымен қатар, сол аяттарды адам денесіне жазатын көрінеді. Құран аятын құрбымның шекесіне, иығына жазған екен. Соны естіп ішім қылп ете қалып еді. Тахуа адам құран аятын йыққа жазбақ түгілі, бөтен әйелдің бетіне сұқтанып қарамас болар. Далбаса екенін біліп тұрсам да, құрбымның көңілі үшін үндемей қалғанмын бар...

Сұмдықтың көкесі алда екен. Әлгі молда көкеміз бүгінгі сеансында құрбымның күйеуінсіз келгенін көріп, біраз әрекеттер жасап тастапты. Алдымен жанына отырғызып алып, мойын түбінен үскіріп дем салған. Сосын кеудесімен мықынын, тізесінен жоғары жағын түріп, арабша жазулар жазып шығыпты.

Қолы жылдам екен, жазу жазып отырып сумаңдаған қолын ары бері бір екі рет жүгірткенге ұқсайды. Жайшылықта мұндайға жай қарап тұрмайтын құрбымның осы әрекет үстінде тілі байланып, сөйлей алмай қалыпты. Соған қарағанда өзіне тәуелді етіп дуалап оқып тастаса керек.

"Өзі де қымбат молда екен. Пәлен мың теңге бердім, әрі денемді ұстады. " - деп өкініп отыр құрбым.

ПС. Күнәнің ең ауыры зинақорлық деуші еді. Өкінішке орай қазіргі кезде ауызын құранға малып отырып, қол зинасы мен көз зинасын жасайтын аңқау елге арамза молда болғандар көбейіп кетті. Алла бетін ары қылсын.

Қанша келіншекті осылай оқыды екен қызық)


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 16120    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.10.2019, 12:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30