Сен тұр - мен айтайын!

Құрметті имамдар, уағыз айтқанда неге о дүниені айта бересіздер?

  • Құрметті имамдар, уағыз айтқанда неге о дүниені айта бересіздер?

    Құрметті имамдар, уағыз айтқанда неге о дүниені айта бересіздер?

Құрметті имамдар, мені оқып отырған болсаңыздар, бір сұрақ: "Неге уағыз айтқанда барып келгендей етіп тек о дүниені айта бересіздер?" Есіте-есіте құлақ жауыр болды ғой. Бұ дүниені неге айтпайсыздар? Неге жастарға қазақтың салт-дәстүрін насихаттамайсыздар? Қазақтың салт- дәстүрінің шариғатқа қайшы келетін жерін көріп түрғаным жоқ. Пайғамбарымыз үйткен-бүйткен дерсіздер. Ия, Пайғамбарымыз араб болғандықтан, өзінің салт-дәстүрін ұстанды. Қайта содан үлгі алып, өз салт-дәстүрімізді ұстануға неге шақырмайсыздар? Міне сіздердің дәрежелеріңіздің төмендігі осында, Жаттанды сөзден шыға алмайсыздар. Және мешітке бара қалсаң, дікеңдеп, өзі салған мешіт сияқты болғандарыңызға не себеп? Мешіт сіздердің әкелеріңіздің үйі емес қой. Сондай әдеттеріңізді пайдаланған салафилер өздеріне жастарды тартуда. Алланың алдында бәріміз тең екенімізді ұмытпағандарыңыз жөн болар еді. Ақшаң көбейсе, бау-бақша ек, көпір сал, жол сал, жетім жесірлердің үйлерін жөндеп бер, ауыру-сырқаулардың дәрі-дәрмегін алып бер - "міне ең сауаптың үлкені осы" деген имамды көрмедім. Тек "намаз оқы, қажыға бар, сонда жәннәтқа барасың" дегеннен басқаны естімейміз. Ия, қажыға бару модаға айналды; талақ қылып, бес алты баласы жетім болып жүргендер де қажыға барып, қажы атануда. Қажылықтың шарттарын неге ұағызда түсіндіріп отырмайсыздар? Балдарын жетім етіп жүріп, өздері қажылыққа бару - бұл сауап емес, күнә ғой. Күнә болғанда да ең үлкені. Бау бақша ексең, пайдасын көрмесең де, соны жеген құстардың сауабы тимей ме? Көпірден, жолдан өткен әр бір адамнан сауап түспей ма? "Үлкендердің алдын кесіп өтпе, автобустарда орын бер, көшеден өткізіп жібер , атына мінгізіп жібер, жолда тұрса алып кет - міне сауаптың үлкені" деген қарапайым қағиданы айтқан имамды да көрмедім. Жоқ, бұларды айтуға сіздерде ұрықсат бермей ме әлде құранға қайшы ма, жоқ, әлде сауатсыздық па? Енді имамдарды қолға алатын кез жеткен сияқты.

Деп әңгімесін ренжумен аяқтаған пендеге менде йә'аа деп қосылдым.


Tusiphan Tusipbekov

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5995    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31