Сен тұр - мен айтайын!

Күрмеуі қиын мәселені арабтар осылайша табыс әкелетін салаға айналдырған

  • Күрмеуі қиын мәселені арабтар осылайша табыс әкелетін салаға айналдырған

    Күрмеуі қиын мәселені арабтар осылайша табыс әкелетін салаға айналдырған

Бізде қазір қазақша білмейтіндердің арасында екі топ бар: біреуі тіл білгісі келсе, екіншісінің қазақша үйренуге мүлдем құлқы жоқ. Олардан қазақша сөйлеуді талап етіп жүрген біз де ақымақпыз. Үйренсе – өздері үшін үйренеді, үйренгісі келмесе – қыстамай-ақ қою керек. Қазақстанға Біріккен Араб Әмірлігінен үлгі алу керек. Олар да өстіп елге арабша үйретеміз деп шаршаған. Сосын бәріне қолын бір-ақ сілтепті. БАӘ-де арабтардың саны 12-ақ пайыз. Қалған 88 пайызы – шетелдіктер. Олар қайтті? Мемлекеттік мекемедегі іс-қағаздың тілін өз тіліне көшіріп, бәрін арабшалап жаза бастаған. Егер бір арыз-өтініш жазғың келіп, немесе бір құжатты рәсімдеуің керек болып қалса, онда барып аудармашылар орталығының қызметіне жүгінесің. Сондағы жастар келіскен ақшаңа кез келген құжатты арабшаға аударып бере салады. Олар өстіп жүріп екі проблеманы шешіпті. Біріншісі, жыл сайын қазынаға 50 миллион доллардай ақша түсіп, жастарға жұмыс тауып берген. Жаңағы аударма орталықтарында 20 мыңнан астам жас жігіттер мен қыздар жұмыс істеп, айына олар 3000 доллардай табады екен. Күрмеуі қиын мәселені арабтар осылайша табыс әкелетін салаға айналдырған. Бізге де сөйту керек. Ол үшін бүкіл құжатты мемлекеттік тілге көшірсек болды, түк қиындығы жоқ оның! Есесіне бюджетке қосымша ақша түсіп, екі тілді бірдей білетін қазақ жастары жұмыс тауып кететін еді. Тіл үйренуге ынталандыру деп осыны айтады!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2023    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 13:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30