Сен тұр - мен айтайын!

Құрсын, беті аулақ, дамымай-ақ қояйық!

  • Құрсын, беті аулақ, дамымай-ақ қояйық!

    Құрсын, беті аулақ, дамымай-ақ қояйық!

ДАМЫМАЙ ҚАЛҒАНЫМЫЗҒА ТӘУБА!

Дамысақ не болар едік? Құдай оның бетін ары қылсын! Ал, Әмрика құсап дамып кеттің делік, не болар едік? Жер әлемге тәртіп орнатамыз деп балаларың үй көрмей, бірде Априкада, бірде Бетінамда соғысып жүрер еді! Қай жақсылық дейсің? "Ойбай, демократияның үлгісі біз!" - деп, Нұрлан Еспановты не болмаса Марат Омаровты президент сайлап, әлемге күлкі болар едік. Мынандай қысылтаяң кезде теңгені судай шашып, Итәлиә мен Испаниәға мөшектеп төгер едік. Қазаққа миллиондап беріп, мұрнын шүйіртіп, іргеміз бөлінбеген тату көрші орысқа ожырая, қытайға қырын қарап көңілін қалдырар едік. Масқара ғой! "Қазақ байыса - қатын алады" "Тоқал" - деген тәтті арманнан айрылар едік. Арман болмағасын муза мүрдем кетеді, шабыт шабандап, мөлдір махаббат, асқақ арман туралы емес, Гәлибод сияқты құбыжық кино түсіріп, жаннан безген кітап жазар едік. Құрсын, беті аулақ, дамымай-ақ қояйық!
Дамыған ел болсақ көше-көше, тау-тасың қаптаған төрис болар еді. Одан не опа табасың? Опа емес оба болар еді! Төрис дегенің босағада тұрып қалмайтын халық. Аты айтып тұр ғой, "төр-ис" - деп. Төр иіскеп үйренген бәле, төріңе де, төбеңе де шығар ма еді? Мына кесел алдымен бізге келер еді! Төризмнің дамымай қалғаны мұндай жақсы болар ма?!
Мына заманауи тықниканың да дамымай қалғаны абырой болды! Қаладағы бала тлипонға шұқшиып дала көрмейді, сол ауылға жетсе не болды? Қой кезекті ойлашы, басқаны былай қойып. Малға кім қарар еді? Жер игермек түгіл әгәрөдің әлем тапырақ болар еді!

Адымдап дамып кетсек мына карантинде үйдегі ұрыс-керіс, онлайын сабақ, 42 мың деген адами қызықтан құр қалар едік. Жүйкең тозбай, пәлитсияның бекетін бұзып, өзін ұрып жықпай, үкіметке кіжінбей өткізген өмірде не сән болады?
Қазір міне, қандай рахат өмір сүріп жатырмыз: аш адамнан адал өнер туады, тлипоннан ән жолдап, балконда кәнсерт қойып, онлайын оқи алмай жылаған баланың видеосына мәз болып, күн сайын қол жуып, сенбі күнін спәлниға, жексенбіде залда, дүйсенбіде детски мен уаннада қыдыре-е-е-еп, бір күн сарымсақ жеп, бір күн имбир шайнап, ертегіге бергісіз күн өткізіп жатырмыз! Ғажап!
Дамымай-ақ қояйықшы, а? 30 елдің қатарынан кетейікші? Карантин біткен күні қуанғаннан қарызға қайта батып, "қалай құтылам?" - деп, ұйқы көрмей, тентіреп, өзбектің пәмидорын жеп, қырғыздың нәски-түрсиін киіп жүрген дұрыс. Дамыған ел болсақ, карантин біте сала шет елдің курортына тұра шауып, тағы бір бәле жұқтырып, елді былғармыз. Дамыма-а-а-ай тұра тұрайықшы...

Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

сенбі, 04.04.2020, 21:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31