Сен тұр - мен айтайын!

Құрсын ондай еркектің әйелі болғаның...

  • Құрсын ондай еркектің әйелі болғаның...

    Құрсын ондай еркектің әйелі болғаның...

Бір әйел кісі: еркекті тәрбиелетін әйел-депті ғой. Осы сөздің астарында надандық пен пасықтықтың басы қылтиып тұр да. Дәл осы ойдағы әйелдер қоғамды бүлдіріп жатқан. Қыздарына: бар да, еркекті өзіңе ыңғайлап тәрбиелеп ал, баланы басты қару етесің, болмаса, ішіме сыйған-сыртыма да сыяды.

Еркек ол-еркек. Ақылы бар еркек бозбалалық шақтан ақыл тоқтатып, өзі бір тоқтамға келеді. Оның жаратылысына қол сұғып, психикасына қысым беріп, дегеніне әйел көндірері сөзсіз. Есті еркек отбасы үшін, өзі құрған ұясын сақтап қалуға көнуге мәжбүр болады. Көнеді. Бірақ... Одан кейін әйел несіне өкпелейді, ерім ықылассыз деп. Ол сүйген әйел көз алдында өзгеріп сала берді, азаттыққа жаралған еркекті өз эгосының түрмесіне қамап, әр сәт өзінің өзімшілдігін көрсетіп, жексұрын кейіпке ене берсе, еркек те өзгеруге құқылы екенін ұғуға бас керек па? Сосын мақтанады кеп, менің дегеніммен жүреді деп. Құрсын ондай еркектің әйелі болғаның. Оның жүрегі ше? Әлде жүрек әйелде ғана бар ма?

Еркекті тәрбиелейтін - анасы. Басқа ешкім емес. Әйел өзінің даналығымен оның ойлануына уақыт беріп, шешім қабылдауда кеңес беріп, төзіммен күту арқылы ғана еркектің болмысындағы жақсы қасиеттерін оятушы ғана. Мейірімін, сүйіспеншілігін, ынтызарлығын сөндіріп алмаса, еркек өзі бір шешімге келеді.

Жаңа Санжар ағаның жазғанына пікір білдіргендерден оқып, сол комментті көзім шалды. Өзін ақылды санап отырған әйелге таңдандым. Қоғамда әркім өз орнын білсе ғана, түтіні түзу үй, санасы сау ұрпақ, дұрыс қоғам болады.

Бұл жерде ақылдан жұрдай болмаған еркектер туралы айтып отырмын. Жалпы ер болмысы турасында.


Ақерке Әбіштегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4486    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 13:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31