Сен тұр - мен айтайын!

Күй тек қаралы күн жарияланғанда емес, сахнадан жиі естілсе...

  • Күй тек қаралы күн жарияланғанда емес, сахнадан жиі естілсе...

    Күй тек қаралы күн жарияланғанда емес, сахнадан жиі естілсе...

Менің шала миым мен сау ақылымның ұққаны - жоғарыдағылар біздің әншілерді сауын сиыр ғып келген иә, әлде олай емес пе?

Анау үйімдегі әйбат теледидарымның экранынан енді болмаса ішке қарай түкірігі шашырауға шақ қалған Қабатовтар да біреудің жемсауы болды ғой онда.

Қолдан жем жеп отырғандарда намыс бола бермейді, ал тамырын терең тартып, ата-әже тағылымын көріп, ұлттық тәрбиенің қамсүтін еміп өскендер басқа.

Жуас аттың да шабынан түрте беруге болмайтынын Мейрамбектер түсіндіруі керек қой осылай. Әлгі апамның айта беретін толғанның да түбі бір төгілетін кезі келген екен онда. Шірей тартқан арқан да патырлап тұрып үзіледі.

Енді осы қарқынмен сахнада кердеңдеп жүрген қуыскеуде қауақбас орындаушыларды әке-шешесімен қоса тазалап шықса...

Дәстүрлі өнердің өз өкілдері алға шығып ұлттың күйі тек қаралы күн жарияланғанда емес (оның беті аулақ), домбыра мен қобыздың, сыбызғы мен сырнайдың сиқырға толы сырлы үні сахнадан жиі естілсе...

Бастысы, қазақтың - ұлттың төл өнері төрден орын алса...

Жон арқаңнан таспа тілгендей орныңнан жылдам көтертіп, төбе құйқаңды шымырлатып ұлттық рухыңды оятатын, жігеріңді жанып, намысыңды қайрайтын, өр қазақтың баласы екеніңді қазақы үн қан тамырыңды қуалап жүріп ұмыттырмайтын өнер мен өнерпаздың алға озғанын көрсек...

Ендігі кезек - төл өнердің салтанат құруында, ел есер ән тыңдап, дарақы есіріп билегенін қойып, керісінше есті әнге елітіп, есін жиса.

Мейрамбектер аман болса, бұл да болар.

Батар күннің атар таңы бар ғой.

Айгүл Болатханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0

сенбі, 18.01.2020, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30