Күйеуге шыға алмай жүрген қыздар көп еді, еркектің құны шарықтайтын болды...

09 желтоқсан 2021, 18:27

Биылғы жылдың қыркүйек айында өткен халық санағының нәтижесі бойынша 19 169 550 адамға жеттік. Айтпақшы .. ... 551- адам есепке алынбай қалды. Ол мен. Бәрібір жасы келген адам деген шығар. Мейлі ғой, құдайдың көзі түзу болсын.
Тағы кім қалып қойды? Жасырмай айтыңдар. Халық санының көбейе түскені керек.
Жалпы халықтың 48,71 пайызы ерлер, 51,29 пайызы әйел баласы. Онсыз да күйеуге шыға алмай жүрген қыздар көп еді, еркектің құны шарықтайтын болды:) Қайтеміз енді, тауар атаулының бағасы өсіп жатқан жоқ па. Оның қасында еркек дегенің тірі жан ғой:) Сан жағынан көп болғанымыз жақсы, аналарды қорқытып ұстауға:)) Феминизмді тезірек орнатамыз:))
Бір қуантарлық жай, жапондар секілді "қартейген" ел емеспіз. Европа да қартейіп бара жатыр. Қазақстан халқының орташа жасы 31, 94. Так что, зейнетақы Қоры сарқылады деп қауіптену бекер:) Қарттарымыз да ақылды, зейнет жасына жетпей-ақ орын босата қояды.
Ұлдарды бірінен кейін бірін ытқытып жатқан келіндер жасасын! Жақсылық қылсаң, соларға жаса!
Ал этникалық қазақтар 70,18 пайызды құрап отыр. Болды. Осы да жетеді. Басқа ұлттар көшпей-ақ қойсын, кіл өзіміз қалсақ арашалайтын ешкім болмай қалады:)
Жалпы халықтың жартысынан астамы (59,05 пайызы) еңбекке жарамды. Бірақ осы санның біршама бөлігі жұмыссыз жүргенін ескерсек, ойланып қаламыз. Қарттар мен балалардың жайы қалай болар екен деп. Украина құсап жер байлығынан үлес алатын заң шығару қаперімізге кірген емес қой.
Бір үміт, бір күдік.

Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан