Сен тұр - мен айтайын!

"Күйеуге шыққың келсе "зәлет" бол"...

  • "Күйеуге шыққың келсе "зәлет" бол"...

Қазіргі заман мақалының сиқы осы. Қазір үйлену мен тұрмысқа шығудың осындай тәсілі пайда болыпты. 

Қаланы былай қойғанда ауылдың өзінде ақ босаға аттамай тұрып кейбір қыздар аяғы ауыр болып, келін болып түскеннен кейін екі-үш айдың ішінде босанып қалуы әдетке айналып барады. Бір туысқанымыздың баласы 11-сыныпта оқитын қызды екі айлық баласымен алып келді. Баласының бұл әрекетіне қарсы болып, «неге оқу аяқталғанша күтпедің» деп сөккенменен көнді. Бір танысым айтады қазір жігітті ұстап қалудың бір жолы – жүкті болу» дейді. Сол себептен «тұрмысқа шыққың келсе «зәлет» бол» деген мақалдың пайда болғаны. Бұл қағида 100 пайыз іске асады деу қисынсыздау. Әрі үмітсіздеу. Жетім балалар санының артпасына кім кепілдік бере алады?! Бұл жағынан батыстың өзін шаң қаптыратын болдық. Алуан адам әр түрлі тағдыр. Ешкім ондай болғанын қаламайды. Десек те шетелден келген үрдіс санамызға жайлап сіңуде. 7 қызға бір жігіт келеді деген қағида пайда болып, қыздарға деген құрмет жоғалуда. 
Әрбір қыздар мен жігіттер өз болашағына немқұрайды қарамау керек. Біреудің тағдырымен ойнамауы тиіс. Қандай жағдай болмасын таяқтың ұшы бірінші қыздарға тиетіні анық. Қашанда қызды кіналаймыз.
Сондықтан әрбір қазақ қызы ақ босаға аттамай тұрып, азаматтық неке сияқты сырттан келген үрдіске қарсы тұрса «тана көзін сүзбесе бұқа жібін үзбейді» деген мақалды ұстанатын кейбір бұқалардың тәрбиеленетіні хақ.

Қыздарға деген құрмет жоғалмасын! Жігіттердің мәртебесі биік болсын!

Қарлығаш Нұрбай
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 2834    Пікірлер: 3

жұма, 12.12.2014, 10:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31