Сен тұр - мен айтайын!

"Күйеуіңіздің тегін қабылдайсыз ба?"

  • Анаргүл Шалғынбай

    Анаргүл Шалғынбай

Ұрпақтар арасына жік түсіруді ойлған кеңестік саясат баланы - әкеге, қызды - анаға, келінді - қайын жұртқа қарсы қою арқылы өз идеологиясының жеңіске жетіп, ұлтты құрдымға кетіретінін жақсы түсінді.

Көшпенді қазақты отаршылдыққа үйретіп, аты-жөнін жазып, қолына төлқұжат ұстатқан сәттен-ақ, қазақы аты-жөнді бұрмалап жазу былай тұрсын, некелі әйеліне ерінің немесе қайын атасының тегіне жазу біздің ұстанып отырған салт-санамызға сыналай енгізілген құрт еді. Әрине, келіндерін некелескен сәттен бастап, күйеуінің тегіне жаздырту Еуропа халықтарында орын алған жағдай екенін бәрі біледі.

Қазақты орыстандыру саясаты негізінде осындай жағдай орын алып келді, тіпті әлі күнге дейін заңды неке қию рәсімінде "Күйеуіңіздің тегін қабылдайсыз ба?" деген сұрақ міндетті түрде қойылады. Егер алда-жалда келіншек: "Жоқ мен өз тегімде қаламын" дейтін болса, күйеу жігіт пен оның туыстары "жоқ, мен ешқашан сіңісе алмаймын" дегендей тіксіне қабылдайтыны сөзсіз. Тіпті, кейбір жігіттер үйленбес бұрын қалыңдығын өз тегіне өтуге үгіттеп те қояды. Мұның бәрі қазақы ұстанымдар мен салт-сананың аяқ асты болғанында.

Қазақта келін ата-енесімен қайын аға, қайын апаларының, қайыныларының, қайын сіңілілерінің атын атамай, ат тергейді. Бұл - сыйластықтың нышаны, мұның астарында үлкен тәлім-тәрбие жатыр.

Сондықтан да келіндерімізге ат тергеуді әдетке айналдырып, құжат бойынша өз тегінде жазылғанын дұрыс болатынын ескертіп отыру керек.

Бұл мәселенің біраз жақсылығы бар. Біріншіден, қыз бала өзін бағып-қаққан, осы күнге мәпелеп жеткізген әке есімін өшірмей, алып жүреді.

Екіншіден, қайын атасының атын атау әбес қылық. Бұл өткенімізді қастерлеп, бабалар салған жолмен жүріп, ер-азаматтарымыздың қоғамдағы, отбасындағы орнын биіктетуге қосқан үлесіміз болар еді.


Анаргүл Шалғынбай

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1803    Пікірлер: 2

дүйсенбі, 12.01.2015, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31