КВН-чиктер біздің ар жақ, бер жағымызда сөйлейді...

20 ақпан 2022, 22:28

Бүгін таксиге отырдым. Көлік иесі ел ағасы елуге таяп қалған кісі екен. Отырғаным сол екен телефоны шырылдады. Тұтқаны көтерген ағамыз үтір, нүктесі жоқ, үзіліссіз шапты дейсің.

 

-"Ассалау, қалайсың дос! Жүрген сол. Ептеп, ет жеп. Жоғалдың дегенде, былай ғой. Өткен демалыста Ұзынағашқа кіре берісте машинам сынып, үйге келгенде оң аяғымды қайыстырып алдым. Он күннен кейін әрең жүріп кеттім", - деді де, досын біршама уақыт тыңдағаннан кейін, қоштасып, телефонын өшірді.

 

Сол уақытта мен қосылдым. Көліктің "сынбайтынын" бұзылатынын, сыну сөзі орысшадағы "сломалсяның" тікелей аудармасы екенін, "балдар" емес, балалар (құрдастары емем, өзінің ұлдары) екенін, аяқ "қайыспайды" аяқ қайырылатынын, "жүріп кеттім" деп емес, жазылдым немесе ауырсынуы басылды дегенімде. Ол кідіріп қалды. Ұялғандай да болды. Және қате сөйлегенін мойындады да.

 

Ал арада 5 секунд өткенде "сіз тіл маманы шығарсыз, ал онда неге КВН-чиктер, сериалға түскендер дәл біз секілді, біздің ар жақ, бер жағымызда сөйлейді?"дегенде мен ұялып қалдым.

 

Ұққаным. Қазбалай берсең бір-бірімізді ұялтатын дүниелер көөөп екен.

 

Енді не істемек керек?

 

Өкініштісі, мұндай сөздерді естіп өскен балаларды қайтеміз?!

 

 

 

Дәурен Құдайберген

Фб парақшасынан