Сен тұр - мен айтайын!

Қыдыруға құмар қатындардың қалтасын қомпайтып қойдыңыздар!

  • Қыдыруға құмар қатындардың қалтасын қомпайтып қойдыңыздар!

    Қыдыруға құмар қатындардың қалтасын қомпайтып қойдыңыздар!

 Таңертең телефонымды ашсам, 40 -45 жастағы әйел мен еркектің сүйісіп жатып селфиге түскен суреттері бадырайып шықты. Екеуінің не мақсатпен камераға жалаңаш тәнін, сүйіскенін түсіргенін ұқпадым. Бірақ нағыз порно кадрлар.

Сол суреттің астына былай деп жазыпты:

- Сәлеметсіз бе, Жазира ханым. Бұл менің жеңгем. 38 жаста. Тұңғыш ұлы осы суретті көріп, стресс алды.

21 мың теңге әлеуметтік көмек алғаннан бері жеңгеміз үйге келмейді. 5 баланы бағып отыр ағам.

Ал анасы қыдырып кетті. Ашына тауып алған. Күнде кафеде тойлап жүр. Ол көңілдесі әкімдікте жұмыспен қамту орталығы басшысының көлік жүргізушісі. Сондықтан ақшаны балаларына алып бермек түгіл өзіміз пәлеге ілініп кетпейік деп қорқамыз.

Елге қарауға бізде бет жоқ.

Үкіметтің балаларға беретін көмекті өздері алса екен. Барлық үмітіміз сізде. Басқа органдар оны жасау қолымыздан келмейді деп шығарып салды.

ЕКІНШІ ХАТ:

Айналайын , Жазира. Мынау үкімет келініме 21 мың теңге беріп, 4 немеремнен тірідей айырылып қалдым. Үндемейтін, сыпайы келін ақша алып, бір күнде өзгерді.

" Сендердің құлың емеспін, бұдан әрі мына үйде өмір сүрмеймін" деп, даңғарадай үйін тастап, баламмен ажырасып, қалаға кетті.

Төрт немеремді уайымдаймын. Тамағымнан ас өтпейді. Олардың бірде аш отырғанын ойлап, әбден қажыдым.

Келін үкіметтің ақшасына құрқылтайдың ұясындай көне пәтерді жалдап жүр. Ал балалар бірде аш, бірде тоқ. Сізден көмек сұраймын. Немерелерімді қайтаруға көмектесіңізші. Келін сот шешіміне пысқырмайды. Балаларды бермейді. Енді олардың болашағы не болмақ?

Сол ақшасы да керек емес, немерелерім аш жүрмесінші.

Еңбек және халықты қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті бергенде комиссия неге жұмыс істемейді?

Мамандар атаулы әлеуметтік көмекке нағыз мұқтаж жандардың екпеген жерінен картоп алды деп кірісті құрастыруға шебер. Ал ойын-сауық құрған аналардан ақшаны қайтаруға неге ниет жоқ?

Қыдыруға құмар қатындардың қалтасын қомпайтып қойдыңыздар! Бұл сұмдыққа жол бермеудің жолын іздеу керек.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 5172    Пікірлер: 0

сенбі, 11.01.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31