Сен тұр - мен айтайын!

Қылмысы көп қоғамда, Қылмысың жоқ болғанға қысыласың

  • Қылмысы көп қоғамда, Қылмысың жоқ болғанға қысыласың

    Қылмысы көп қоғамда, Қылмысың жоқ болғанға қысыласың

 Авияапат болған таңда автобуспен Алматыдан Қапшағайға шыққанмын. Автобус өте ескі екен. Терезе мұз болып қапты. Жылдамдық қосқан сайын суық жел гулейді. Жанымда отырған апай: апыр-ай, пеші жоқ па, мынаның? Үсіп өлетін шығармыз, Қапшағайға жеткенше...

Мынандай көлікке неге рұқсат береді екен? Жауапты адамдар қайда қарап отыр? Сау адамды ауру қылады ғой, деп ашу қысып, ыза буып, жаурап, тіс-тістісімізге тимей, жеттік-ау, әйтеуір. Жансыздануға айналған аяғымызды сүйретіп, далаға шыға бергенде телефоныма хабарлама түскен белгі келді. Қарасам, қираған үй, қақ бөлінген ұшақ, қаптаған адам:тізілген полиция, жедел жәрдем көліктері. Денем түршігіп кетті. Дереу ФБ-ны аштым. Данияр Кәріпжановтың парақшасы шыға келді. Ұшақ құлапты. Алматыдан шыққан ұшақ екен. Қызылтудың маңайында құлаған. Обалы-ай! Алғашқы ақпаратта жеті адам қайтыс болғаны жазылыпты. Иманды болсын! Шейіт кеткендер мұнан да көп екен. Алла алдарынан жарылқасын!
Айдың-күннің аманында салғырттықтың, тойымсыз құлқынның, жемқорлықтың, опасыздықтың кесірінен кезексіз келген ажалдың қанжығасына қаршадай ұл-мен қызды, жазықсыз жандарды байлап бердік. Тас түскен жеріне ауыр... Жақындары мен туғандары қайғыдан қан жұтып қалды. Неткен опасыздық?! Аэропорттың маңайына мүлде құрылыс жүргізуге болмайды екен. Оған кім рұқсат берді? Егер әлгі ұшақ соғылған үй болмағанда марқұм болғандар тірі қалар ма еді... Үй салуға рұқсат бергендер заңды белшесінен басып, тиым салғанға пысқырып та қарамай, құлқұнына тықты. Ал ол құлқынның кесірі қаншама адамның ажалына себепші болды. Неткен былық бұл? Автобустың түрі анау, ұшақ мынау, заңсыз салынған үй... Түртіп қалсаң түршігерлік қылмыс шыға келеді. Есағаң, Есенқұл Жақыпбеков: Қылмысы көп қоғамда, Қылмысың жоқ болғанға қысыласың" дегені есіме түсіп кеткені. Сергекті қаптатып, қарапайым халықты қанай бергенше, былықты тазалаған жөн ғой. Бұл Құдайдың ескертуі. Ес жиып, көзді ашу қажет. Ертең кеш болмасын!

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.01.2020, 13:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30