ХАЛЫҚТЫҚ КӨРКЕМ ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТ.
Біз енді ғана "Халық театр аштық!" - деп аттан салып, өзгенің алдына шыққандай шулап жүрміз. Өзгелер "Халық көркем мәдениеті" (Народня художественная культура" НХК) - деген пән оқытып, ғылыми зерттеу жасап, дамытып, ілгерлетіп жатыр.
Әр елдің ұлттық мәдениеті, ұлттық өнері әлемдік мәдениеттің баспалдағы екеніне ЮНЕСКОны араластырып, өз мәдениетін алдыңғы баспалдаққа шығарып жатыр.
Бір халық театрын ашу кезінде көзқарас көмескі тартып, көңіл бөлу селқос болып жатқан қаншама дүниеге кез болдық. Бір, екі адамның әлемге танылғанына санымызды шапалақтап отыра бермеу керек енді.
ХАЛЫҚТЫҢ өнері де, мәдениеті де ауылда әлі. Бір-екеуін Алматыға оқуға түсіріп, үлкен шахардың театр, филармониясына жұмысқа кіргізгенді місе тұтқанды доғарып, ауыл, ел өнерін өз ошағында қыз-қыз қайнатуды, дәріптеуді, алға оздыруды жоспарлаған жөн.
Айналайын ҮКІМЕТ, Мәдениет министрлігі, ҰЛТТЫҚ мәдениет зәулім сарай салып, әлемдік мектепте оза шапқандардан ғана құралмайтынын білетін кез келді ғой. Шаляпинше шырқап, Станиславскийше "өмір сүргендер" Европада да, Азия, Африкада да бар. Қазақтың ұлттық өнері бізден басқа бір елде жоқ!
Хантәңірі мен Қарадала халық театры көктемгі фестивальге дайындық бастап, бас қатырып жатыр. Нарынқолдықтар киім тіккізбек. Аппаратура да керек екеуіне. "Ашылдық" деген күннен бастап оларда тыным жоқ, карантин бітсе ел аралағысы келіп құлшынып отыр. Үкіметің қажет штатты бірден бермей, там-тұмдап беретініне қарайтын емес. Сахнаға шыққан Қарадала театрының 29 адамын көзбен көрген биліктегілер штат берілмесе олар екі жыл тегін істей береді деп отыр ма білмедім....
Айтатын, талқылайтын дүние көп. Екі театр да өлмейді, тоқтамайды, жұмыс істейді. Бергенін қолынан, бермегенін жолынан!
Тек "Қысқартау" дегенде билік неге алдымен өнер, мәдениет, кітапханадан бастайды? Президент жолдауында жаңылмасам "әкімшілік аппаратты қысқарту керек!" - деген сияқты еді. Әлде қағыс естідім бе? Қысқарған зам, пом, ком әкімді естідіңдер ме?
Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан