Сен тұр - мен айтайын!

Қысқарту деген шенеуніктен басталуы керек еді...

  • Қысқарту деген шенеуніктен басталуы керек еді...

    Қысқарту деген шенеуніктен басталуы керек еді...

Президенттің былтыр айтқаны да солай болатын. Неге қысқарту аудан мен ауылдың мәдениетінен, өнерпаздардан басталады? Бұдан кейін мұғалім мен дәрігерге, сосын тәртіп сақшыларына ауыса ма сонда?
Іштен тынып отырған әкімшіліктің бәрінің алдында 30% қысқарту керек деген пәрменді парақ жатыр да, ол пәрмен алдымен мәдениет бөлімдеріне жөнелтіліп отыр. Миығынан күліп шенеуніктер жүр.
Оу, кез-келген аудандық әкімшілікке кірсең амандасуға ерініп, бір өзі бір елдің патшасындай болып, кәстөм-шалбары тыртиған шенеунік өріп жүр. Ауданда өткен бір шараны әркім өзінше ат қойып, терісін теріс аударып, өз бөлімінің ақпараты қылып отырған басы артық бөлімдер жетіп жатыр. Бір "Наурыз" мерекесін қараңдаршы ертең қаншама әкімшілік бөлімдері өздері "битін сығып" кірісіп тілі салақтан өткізгенін жазар екен...
Соның бәрін алдымен сахнасы, киімі, әні, әуені, орнын тазалаушы, қарын күреуші, отынын жарушы болып істеген мәдениет бөлімі соңында қалады да, қысқартуға алдымен іліге ме?
"Театр аштық!" - деп жалпақ әлемге жар салып жатырмыз. Өнерлі, оқыған жастар келіп жатыр. Жұмысқа ала алмайды. Алынса ертең қысқарып кетсе қайтпек. Ауыл таланты қалаға тентіремей, асабаның армиясын көбейтпей туған ауылында қалғысы келсе...
Театр - деген үлкен өндіріс. Бір ғана Қарадала театрының киімі, декорациясы, қару-жарағы үшін бір ауданда екі тігін цехы, бір ағаш, бір темір шеберханасы жұмыс істеді. Баспахана жұмыс істеді. Театр деген өлі өнер емес сондықтан. Оның аяқтан тұруына есті азамат ат салысуы керек.
Ал, мына қысқарту келсе... Бұл тек менің ғана бас қатырар шаруам болатын болса бір жөн. Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстіктің бәріне ортақ шығар. Ауыл мәдеиеті кімге керек өзі?

Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1886    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 08:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31