Қысқасы, қазақ тілінің құлдырауына Өзіміз кінәліміз!

Қысқасы, қазақ тілінің құлдырауына Өзіміз кінәліміз!

Осы бар ғой, қазақ тілін ысырып салған кіші атам түк те кінәлі емес?! Билік - 30% деп алсақ, халық - 70%. Өзбек пен кавказ халқынан неге үлгі алмаймыз? Бұл халықтар өзара өлсе орысша сөйлемейді. Орысша түсінетін халқы қалмаса, Президент кіммен сөйлеспек? Міне, әңгіме қайда жатыр? Үңгірдесіңдер деген кім - қазақ! Парламент пен Сенатта орысша сайрап отырған кім - қазақ! Билікте саусақпен санарлықтай орыс бар. Кіл қазақ! Несіне көршіге ренжиміз? Құдай ұрғанда - қазақтың өзін ұрып отыр?! Мәселен, мен тұратын ауылда орыстар бізбен пара-пар. "Қазақша сөйле" демей-ақ, қазақша сұрағыма орысша жауап береді. Демек, түсінгені. Ол сұраса - мен қазақша жауап берем. Ол да талап етпейді. Еш дау-дамай жоқ. Қазақ жерінде тұрып жатқанын біледі. Қазақтар өзара тек қазақша сөйлесеміз. Бұнда, "ерекше білімділік" сор боп тұр. Билікте кіл ерекше білімділер екенін ескерсек, асқан білімді қайда жұмсарын білмей, қара халықты менсінбей, өзара орысша сөйлесуіне мәжбүр боп тұр... Өйткені, олар, жоғары білімін қара халық түсінбейді деп ойлайды. Қысқасы, қазақ тілінің құлдырауына Өзіміз кінәліміз! Мәңгүрттер өзге тілде сөйлей берсін. Біз, өзімізден бастап - немеремізге дейін өз тілімізде сөйлетуді қолға алайық! Сосын бар ғой, ақыры қазақ тілінің қадыры жоқ екен - қазақпен қатар ағылшын тіліне басымдылық беріп, данышпандарды тілсіз қалдырайық?)) Әлем - ағылшын тілінде сөйлейді. Қазақ - өзге тілді үйренуге келгенде ең талантты ұлт екенін ескеріп, "Шет тілді таңдау - өз еркім" деп, тым құрыса, русофобия дегеннен құтыламыз. Ал, олар, ғасырлар бойы қазақша үйренуге миы жетпегенде, ағылшынша үйрене қоюы екіталай.)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста