Сен тұр - мен айтайын!

Қытай елі әлімсақтан бері тыңшылық яғни, барлау қызметінің теориясын жасаған

  • Қытай елі әлімсақтан бері тыңшылық яғни, барлау қызметінің теориясын жасаған

    Қытай елі әлімсақтан бері тыңшылық яғни, барлау қызметінің теориясын жасаған

Әлем ғалымдарының мәліметтеріне қарағанда, Қытай елі әлімсақтан бері тыңшылық яғни, барлау қызметінің теориясын жасаған, бұл жағына келгенде алдына жан салмайтын аса бай тәжірибелі мемлекет саналады екен. Ежелгі Қытайдың аталмыш сала бойынша жазылып жарыққа шыққан 6 кітабы бар көрінеді. Соның бірі - Сүн Зи дейтін автордың "Соғысу өнері" дейтін кітап. Негізгі мазмұны, қарсы тарапты мейлінше, аз күш-қаражат жұмсап, әскери қолдан гөрі бейбіт жолмен ақырын жүріп, аңдып басып-ақ жеңудің жолдарын уағыздайды.

Кітапта: "алдымен, әскери емес, армиядан тыс құралдарды пайдаланудың" маңыздылығына тоқталады. Ол үшін қарсы тараптың чиновниктік аппараттарын ыдыратудың, бейберекет етудің 12 тәсілін атаған. Айталық, ел шенділерінің ығына жығылған түр көрсетіп сеніміне кіру, қалаған талабын орындай салу, біртіндеп өз жағыңа тарта түсу, ақша-қаражат, қыз-қырқын арқылы басын айналдыру, түрлі құйтырқылық әдіспен астыртын бүлдіргі әрекеттер жасау, барынша еркіне жіберіп, бетімен кетуіне ықпал ету, біртіндеп сөз байласып, арнайы келісімге келу, диверсиялық істерге тартып, қатыстыру, жағымпаздық пен жарамсақтыққа әбден баулу, ойыншық министрлер тағайындату, ең ақырында қоқаң-лоққы (шантаж) жасауға көшу. Осындай амал-айламен кез келген өкіметті бейбіт жолмен жаулап алуға, мемлекетті тәуелсіздігінен біржолата айыруға болатынын тұжырымдаған екен.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1787    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31