Сен тұр - мен айтайын!

Қытай қазақтары Тоқаевтың қазақша сөйлегенін бүкіл Қазақстан қазақша сөйлеп кеткендей шүйіншілеп жатты...

  • Қытай қазақтары Тоқаевтың қазақша сөйлегенін бүкіл Қазақстан қазақша сөйлеп кеткендей шүйіншілеп жатты...

    Қытай қазақтары Тоқаевтың қазақша сөйлегенін бүкіл Қазақстан қазақша сөйлеп кеткендей шүйіншілеп жатты...

Тоқаев Қытайға барған сапарында қазақша сөйлегені қазақ тілінің беделін ғана емес, қазақтардың да абыройын асырды. Әрине, қазақ елінің президенті, қазақ азаматы қазақша сөйледі деп қуанудың өзі қасірет. Әлемде өз азаматыз өз тілінде сөйлесе, қуанатын ұлт қазақ ғана шығар. Тағдырымыз осылай болған соң не шара!?

Егеменді ел болғанымызға да отыз жылға таяса да, туған тіліміз тұғырына қона алмай келеді. Сосын да шенділердің көбі шетелге барса, орыс тілінде көселеді де, қазақ тілі қағыс қалады. Ал Тоқаев сол жағдайды өзі бастан өзгеруге құлшынғаны қуантады.

Қазақ тілі десе менің есіме Қытайдағы мына екі іс түседі.

Бірде Қытайдағы Үрімжі жарменкесі кезінде Қазақстаннан арнаулы делегация барды. Түстен кейін екі жақ басшыларының кездесуі өтететін болды. Қытайлар қазақ аудармашыдарды, қазақ тілшілерді дайындады. Қытай әріптестерім менің қасымнан шықпай, "қазір бізге аударып бер" деп тұрды. Бірақ мен Қазақстан шенділерінің орысша сөйлейтінін іштей сезіп тұрдым. Ойлағанымдай болды, қонақтар орысша сарнай жөнелгенде, біз далада қалдық. Дәл сол кезде бір қытай тілші " айттым ба, аты Қазақстан болғанымен бұлар әлде қашан орыс боп кеткен" деді қатар тұрғындарға. Іштей қатты қорландым.


Келесі жылы тағы сол Үрімжі жарменкесіне ШҚО-ның басшылары барды. Қытайлар бұл жолы орысша білетін аудармашы дайындады. Бірақ тілеуіңді бергір ШҚО-ны әкімінің орынбасары Ерлан (қателеспесем) мінбеге шыға сап қазақша сөйлей жөнелгенде қазақ тілді аудармашы дайындамаған қытайлар қатты састы. Әлден уақытта аудармашы жоқтығын байқаған ол: Аудармашы жоқ па, онда қай тілде сөйлеуім керек?- деді қабақ шытып. "Қазақша сөйлей беріңіз" деп айқайлады 200-ге жуық тыңдаушының арасында отырған Қытай қазақтарынан шыққан қазақ басшының біреуі. Жалт қарадым, көзі-балбұл жанып ол да қуанып тұрғаны байқалды. Мен де сол күні көңлім марқайып қайттым.

Тоқаев Қытай сапарында қазақша сөйледі деген жазбаны көргенде "Қытайдағы қазақтардың рухы бір көтеріліп қалған шығар" деп ойладым. Айтқандай-ақ Қытай қазақтары БАҚ беттерінде Тоқаевтың қазақша сөйлегенін бүкіл Қазақстан қазақша сөйлеп кеткендей шүйіншілеп жатты...

Демек, Тоқаев мырза, сіз шетелде қазақша сөйлесеңіз қазақ тілінің мәртебесі ғана емес, шетелде сіздің қадамыңызға қарап жаудырап отырған қазақтың рухы өседі, өшкіндеген үміті қайта қоздайды. Осыны ешқашан естен шығармасаңыз екен.


Сіздің қасыңызда Берік Уәли, Ерлан Қарин сияқты тілі де, ділі де, түрі де қазақ жігіттердің жүргені де біздің көңілге медеу.


Қалиакбар Үсемхан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4285    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 10:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31