Қытай мен Кеңестер Одағын қазақтар қалай састырды?
Қытай мен Кеңестер Одағын қазақтар қалай састырды?
1942-1943 жылдары Шыңжаңдағы қазақтар мен өзге түркі тектес халықтар үшін рухани ояну дәуірі басталды. Халықтың мәдениеті мен руханиятының ілгерілеуі олардың санасын оятып, Қытай отарынан бөлініп кетуіне жағдай тудырды. Отарлаушы империяның жымысқы саясаттары елге мәлім болып, ұлттықты сақтап қалу үшін қалай да жеке дара мемлекет құрып, ел болу қажет екендігі сол кезде әркімге аян болған еді. Ұлт өкілдерінің қоғамдық белсенділіктері артып, саяси санасының оянуы қытай басқыншыларының зәресін ұшырды.
Көршілес қызыл коммунист Кеңес Одағы да қатты састы. Дәл өзінің іргесінде түркі сипатындағы ислам-демократиялық мемлекетінің орын тебуі Орта Азия республикаларына сөзсіз әсер ететіндігінен Сталин өлердей қорқып сақтанды. Осындай үрей Қытай басқыншыларында да болғандықтан отаршыл қос империя еріксіз ауыз жаласып мүдделес бола қалды.
Қазақтардың атқа қонып, қару асынып бас көтерген ұлт азаттық қозғалыстары жер-жерлерде бұрқ етіп жатты. Қарулы көтеріліс 1943 жылыалдымен Алтай аймағында басталды. 1944 жылы сәуір айында Іле өңірінде жалғасты. Олар басқыншы қытай әскерлерімен елдің амандығы мен жер-судың бүтіндігі үшін жан аямай соғысты. Ұлттық намыс пен ата-баба өр рухына жігерленген қандас бауырларымыз жаудың жойқын күшінің алдында тізе бүкпеді.
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы