Қыз баланың бүтін бір әулетке ана бола білуі үшін сол ханшайымды тани білетін орта мен қоғам керек...

24 қазан 2021, 01:04

Әлемдегі барлық әйелдің жүрегінің түбінде бір-бір ханшайым бар. Тек олардың кейбіреуіндегі ханшайымның сәулесін көрген қиындығы көмескілеп, енді бірінің тартқан азабы тұмшалап қойған. Әйел заты қатал тірліктің көн тірлігіне қанша көмілсе де жүрегінің түбіндегі ханшайымды жоғалтқысы келмей тырмысады. Күрескер болса да, билікқұмар болса да, ұшан -теңіз азап тартса да, адам айтқысыз жоқшылық көріп, үстіне мұздай су құйғандай көңілі қалса да ханшайымын сақтайды. Ол кәдімгі жеті қат жер астындағы алтындай көрінуі қанша қиын болса, табылғанда соншалық жарқырайды!!!
Тек таба алатын жан жанында болса болғаны. Қыз баланың бүтін бір әулетке ана бола білуі үшін сол ханшайымды тани білетін орта мен қоғам керек...
Сол сәулені тани алмаған, көрмеген ортада әйел адам мықты болуға тырысып, өзі де оны көмескілеп алуы ықтимал...