Сен тұр - мен айтайын!

Қыз баланың қадірі

  • Қыз баланың қадірі

    Қыз баланың қадірі

Қыз бала туылғанда ренжу, әсіресе анасын айыптау &ndash үлкен қателік. Құран кәрімде «Алла қалағанына қыз, қалағанына ұл бала береді. Біреулерге әрі ұл, әрі қыз бала береді, ал қалағанын тумайтын қылады. Барлық нәрсені хаққымен білетін және бүкіл нәрсеге күші жететін тек қана Алла» делінген. (Шура 49, 50)

Сүйікті пайғамбарымыз «Қыз балаларды қор қылмаңдар» деген. Қор қылу, дінді білмеуден туындайды. Қайырлы перзент сұрау керек. Қайырлы болмайтын болса, қыз немесе ұл болуының қандай айырмашылығы бар?

 

Дінімізде әйелдің және қыз баланың қадірі жоғары. Хадис шәрифтерде былай делінген:

 

«Қыздарыңды алтын және күміспен әшекейлеңдер! Киімдері әсем болсын! Құрметке ие болуы үшін ең әдемі сыйлықтарды сыйлаңдар!» (Хаким)

«Қыз баланы жақсылап тәрбиелеп, Алла тағала берген ниғметтермен молшылықта жегізіп, киіндірсе, бұл қыз ол үшін берекет болады, тозақтан құтылып жәннатқа оңай кіруіне себеп болады.» (Табарани)

«Екі қыз баласымен жақсы мәміледе болған адам міндетті түрде жәннатқа кіреді.» (Ибн Мажа)

«Екі қызы немесе екі қыз бауыры болып, күнкөрістерін толығымен қамтамасыз еткен адаммен жәннатта бірге боламыз.» (Тирмизи).

«Базардан алған нәрселерді ұл балалардан бұрын қыз балаларына берген адамға Алла тағала мейіріммен қарайды. Алла тағала мейіріммен қараған адамдарға азап бермейді.» (Хараити) «Базардан жеміс-жидек алып үйіне әкелген адам садақа сауабын алады. Әкелген жемісті ұл балаларынан бұрын қыз балаларына берсін! Әйелдерді, қыздарды қуантқан адам Алладтан қорқып жылағандардың сауабын алады.

Ал Алладан қорқып жылағандардың денесі тозаққа харам болады.» (Ибн Адий) «Үш қыз немесе қыз бауырларының күнкөріс немесе басқа да қиыншылықтарына шыдаған адамды Алла тағала жәннатқа кіргізеді.» Асхаби кирамнан бір кісі «Екі қызы болса да солай ма?» деп сұрағанда, пайғамбарымыз «Иә, екі қыз болса да солай» деді. Басқа бір кісі «Ал бір қыз болса ше?» деп сұрады. Жауап ретінде: «Бір қыз болса да солай» деді. (Хаким, Хараити)

Баршамызға бірнеше қыз дүниеге әкеліп, Жаннаттық болуды нәсіп етсін. Амин деп жазыңызшы.

 

 

Клара Жұмәділқызы Бектемір

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1480    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 13:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31