Сен тұр - мен айтайын!

Қыз дегенді осыдан кейін түсініп көр...

  • Қыз дегенді осыдан кейін түсініп көр...

    Қыз дегенді осыдан кейін түсініп көр...

17 жастамын. Тұңғыш рет қалада жалғыз серуендеп, автобусқа отырдым. Қасыма жігіт жайғасқаны сол үлбіреп, үзілейін деп, иілдім де қалдым. Уыз жастығыма 40 келі салмағым мен, белімнен асқан бұйра бұрым, ұяңдығымды қосқанда рас еліктің лағындай көрінсем керек: "Еліктің лағы, атыңыз кім? " деді жігіт. Сол сәт үлбіреп тұрған нәзік жүрегіме әлдебір қуат құйылып, күш дарып, арыстан кіріп алғандай ақырып атып тұрып "Шаруаң қанша? " дедім де апыл ғұпыл аялдамадан түсуге оқталсам, әлгі бала "тоқта" деп жұрттың көзінше ұстай алды. "Танысайықшы, атың кім? "дейді сыбырлап.

Автобус қайта жүріп кетті. Көлік те бізді "танысса екен" дегендей байыппен, баяу қозғалады. Автобустағылардың бірі екеумізге қызыға қараса, енді бірі не болар екен деген сұраулы жүзбен күлімсіреген күйі қатып қалыпты. Ұяттан өртеніп барам. Ойын баласымын деп ойлап жүр едім өзімді. Ішімнен "мен бойжетіппін " деген ой қылаң берді де , жүрегім өрекпіп кетті. Сол сәт ауылдағы Айнаш есіме түсті. Ғашық болған жігіті жақында ғана жылатып тастап кеткен еді. Әлгінің көкірегінен итеріп жіберіп: "К.ңді қыс, сүмелек, ноқалай" деп баж ете қалдым. Ол жүзіме қараған күйі үнсіз қалды. Жұрт күліп жатыр. Келесі аялдамадан түспейтін болсам да, түсіп кеттім. Ішімнен "қандай сыпайы, әйбат бала" деп елжіреп келем.

Әлдекім иығымнан ұстай алды. Жалт қарадым. Әлгі жігіт екен: "қарындас, ұнайсыз" деді күмілжіп. "Топас, бейшара, жоғал " дей бергенім сол түрлі бейпіл сөз намысына тисе керек "Менің орнымда басқа жігіт болса ерніңнен сүйіп алар еді. Жоғалсам, жоғалайын. Бірақ мінезіңді өзгертуің керек " деді. Қай дертімнің ұстағанын қайдам, жерден тас алып, бас көзіне дәлдеп тұрып жаудырдым ай келіп . Ішімнен "тиіп кетпесе екен" деп тілеп тұрмын. Әлгі бала мен жаудырған тастардан әрең қашып құтылды. Ол кетіп қалған соң, кері жүрдім. Мүмкін көріп қалармын деген ниет қой.


Қыз дегенді осыдан кейін түсініп көр...


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6520    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31