Сен тұр - мен айтайын!

Қыздар, ерекше еркек іздеп әуре болмаңдар, еркектің бәрі бірдей

  • Қыздар, ерекше еркек іздеп әуре болмаңдар, еркектің бәрі бірдей

    Қыздар, ерекше еркек іздеп әуре болмаңдар, еркектің бәрі бірдей

Алмада құрт болса ғана зор қуаты болмақ. Құртсыз алманың дәмі жоқ. Қыз да көздің құрты. Қашан құтылғанша асықпын, сендерден 25-тен кейінгі қыздар. Ненің болса да түйін салған соң, күйін тапқаны дұрыс. Өзім 28-дің көктемін арайландырып, жазын толтырып барып қыз дәуренмен қош айтыстым. Сөйтсем, дәруменді дәл уақытында алмаған соң, бәрі бос әурешілік екен, жазған-ай.

Енді отырмын, ұлымнан " Анашым, 1 кластағы ең кәрі, мама сіз екенсіз" деген сөзді естіп. Күзі жеткен кәрі талдың құрсағынан шығып, құрсауынан босаған жеміс те болдырып бітеді, өзің де қауқарың кетіп, қаудырап қаласың. Кепкен өріктен гөрі, сөлі, шырыны келіскен өріктің дәмі тәтті, қызығы да ұзағырақ болады қыздар. Айтпады демеңдер. Шәйді кеш демдесең, суығанда бір ақ ішесің...

Қамданыңдар! Сүрініп құла, сүзіліп қара, қыздан амал артылмас. Жас қыз жаққан оттың табына күйген еркек, алауға айналады. "Жас иіс" сөзі де бұрыннан бар. Сондықтан, көкбет болсаң да, көк ет болсаң да көне етік пе, көк етік пе сыйса болды, киіп кет! Кетпен шаптыр, мал бақтыр, өмір сүр! Қара қазан қара баланың қамымен қайнаса ғана дәмдірек. Қара басыңа бола қайнаған қазанның атасына нәлеті...

Көп туғым келген... Кекселеу болып, екі түйір ғана дән ектім. Енді соның жемісін ертерек жегім келеді. Алла бергеніне шүкір, береріңнен танба! Қыздар, ерекше еркек іздеп әуре болмаңдар! Бір қап, бір сап! Еркектің бәрі бірдей. Тәңір әйелді тобасынан, еркекті табысы мен шабысынан тандырмағай!


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2208    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.11.2018, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31