Сен тұр - мен айтайын!

Қыздарымыз жүрек жұбанышын неге жат ел санасынан тауып жүр?

  • Қыздарымыз жүрек жұбанышын неге жат ел санасынан тауып жүр?

    Қыздарымыз жүрек жұбанышын неге жат ел санасынан тауып жүр?

Көбіңіз секілді мен де фейсбукті сәре үстінде қотарып тастаймын)) Күндіз қол тимейді.

 

Соңғы кезде белең алған бір үрдіс - осындағы Шынар қызымның аудармасындағы Алина Ермолаеваның айтқанын парағына жиі бөлісіп жатқан қыздарымызды көргенде кәдімгідей ойланатын болдым. Жәй қыздар емес - қоғамда орны бар қыздар.

 

Кінәлау ойымда жоқ! "Пәленшенің жазғанын оқып есімді жидым... Түгеншенің сөзінен өмірімді өзгерттім... тіптен - Пәленшенің сөзінен соң миыма революция жасап, өз бақытымды таптым..." деп жатқаны жетерлік.

 

Егер, өмірі оңалса әрине, қуанамын. Бірақ, атағандарының арасында Зейнеп апамыздын, не, аты алты алашқа жайылған айтулы қазақ қыздарының, аналарымыздың атын кездестірмейсің. Тек - жателдіктер... Күстаналау емес - санада үлкен мәселе бар деген ойым.

 

Өзгеге үлгі боп жүрген қыздарымыз жүрек жұбанышын неге жат ел санасынан тауып жүр? Атын атап, түрін түстемесем де, бүгінде психалогиялық тренингпен атышулы екі қызымыздың да айтатандары сол - жат ел санасынан алынған көшірмелер. Жателдік асыл ойларды өзім де оқимын. Көкейге түйемін. Бірақ, өмірлік ұстанымға айналдырмаймын. Ең қиналған сәттерімде әкемнің:"Қалқа, төбеңді қара бұлт торлағанда, қолыңа айбалтаны ал да, шауып-шауып таста!"-деген қағидасы бойыма қуат берді. Екі дүниенің ортасындағы тозақтан аман алып шықты. Тағы да сол әкемнің:"Қалқа, бір "жәрайдың" болсын. Кінәратсыз тек періште ғана. Сондықтан да періштелер көкте өмір сүреді" дегені айналама қарапайым қарауды үйретті.

 

Анамның:"Өзгенің тікенін айтпас бұрын, алдымен өзіңдегі томарды көр" дегені өз бойымдағы кемшілікке назар аударуымды, маңайымдағы адамға кешіріммен қарауды үйретті. Қарап тұрсам, санамның қалыптасуына, өмірмен күресуіме ең басты ақылшы әкем мен шешем болған екен.

 

Енді кеп "мынанша жанның жан дауасын жаттан іздеуінде ата-анадан өсиет алмағандықтан ба екен?" деген ой келеді. Жаңсақ ой болуы да мүмкін. Апам айтпақшы "тікен іздемеймін". Десе де, бүгінде қыздарымыздың алдында "сана күресі" белең алуы - күрделі мәселеге айналып жатқаны анық.

 

Апам:"Есті әйелдің етегі қымтаулы болады"-дегенді танбай айтып отыратын. Біздің жат санаға тәуелді болып жатқанымыздың астарында етегімізді қымтауды ұлттық кодымыздан іздемей - жат санадағы эгоизмге тәуелді болғанның пәрменінде жатыр ма екен ә?..

 

 

 

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1185    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 12:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31