Сен тұр - мен айтайын!

Қыздарымызды кеш батқанда көшеге қаңғытып жіберіп, бақылаусыз қоя беретін болдық

  • Қыздарымызды кеш батқанда көшеге қаңғытып жіберіп, бақылаусыз қоя беретін болдық

    Қыздарымызды кеш батқанда көшеге қаңғытып жіберіп, бақылаусыз қоя беретін болдық

Сөздің астарын түсінбейтін, сөйлемді тура мағынасында қабылдап, шабына шыбық тиген ат сияқты тулап шыға келетіндер көбейіп кетіпті. Омардың қыз туралы айтқан постын оқып шықтым. Ол жерде біреудің шамына тиетіндей артық ештеңе айтылмаған. Қыз – біреудің болашақтағы келіні, жары, бір әулеттің анасы. Қазақ сондықтан қызға біреудің аманаты сияқты қарап, оны «жат жұрттық» деп қадірлеген. Қызына көрсеткендей құрметті қазақ ешқашан ұлына көрсетпеген. Ескі суреттерге қарасаң, қазақ қыздары кесте тігіп, үйдің ішін ою-өрнегі бар көрпе-жастықпен әлем-жәлем қылып жайнатып отырыпты. Қазақ осының бәрін қызына жастайынан үйреткен. Үлкеннің алдын кесіп өтпейтін ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өсіп, ұзатылған кезде бетімді жерге қаратпасын деп өзінің намысын да ойлаған екен. «Товар» дегенде – қызыңды саған мал сияқты бұлдап сат деп тұрған жоқ, ол жерде осы құндылық мәселесі қозғалып тұр. Қыз – ұлттық құндылық. «Ұлтым жақсы болсын десең қызыңды, ұрпағым жақсы болсын десең ұлыңды тәрбиеле» - деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. «Қалаулымда» жүрген беті ашылған қыздарды айтып отырған жоқпын. Қыз үйден 40 қадам ұзап шықса, ол қайтып үйге келгенше қасына куәгер етіп біреуді қосып жібереді екен. Әйтпесе оған шәйтан ілесіп кетеді деген. Қазір біз қыздарымызды кеш батқанда көшеге қаңғытып жіберіп, бақылаусыз қоя беретін болдық. Ондай қыздан ертең қандай ана, қандай келін шығады? Омардың да айтқысы келгені осы ма деп ойладым, өзім!

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30