Сен тұр - мен айтайын!

Қыздың арын ақшаға сатып, соңында полицейлерді кінәлайтындар көбейіп барады!

  • Қыздың арын ақшаға сатып, соңында полицейлерді  кінәлайтындар көбейіп барады!

    Қыздың арын ақшаға сатып, соңында полицейлерді кінәлайтындар көбейіп барады!

Қыздың арын ақшаға сатып алып, соңында полицейлерді  кінәлайтындар көйіп барады!

 

Қыз зорланды десе жанымыз қалмай, көмек бергіміз келіп тұрады! Кейде біздің көмегімізді жеке бастарына пайдаланғысы келіп тұратындар көбейген!

 

Қыздарының қорланғандарына жаны күйіп тұрған емес, қарсы тараптан  ақша алып қалсам деп есептеп тұрғандарды да көрді мына екі көзім.

 

Өз қыздарының тәнін саудаға салып, жағдайын түзеп алғысы келіп тұрған адамдарды көргенде, мынандай адамдардың сөзіп сөйлеп тұрғаныңа намыстанады екенсің!

 

Бір емес бірнеше рет полиция қызметкерлерінің яғни тергеушілердің алдында басым төмен қараған кез болған.

 

Бір күні “Қызымды ұрлап әкетіп зорлады , полиция істі жауып тастап жатыр ойбай”, деп  жылаған анаға көмек беруге барғанмын.

 

Алдымнан шыққан тергеуші жас жігіт шырылдап жүр “ Айгүл ханым менің де қарындасым бар ғой, мен де ақымақ емеспін ғой “, деп!

 

Соңында қыз ол жігітпен қыдырып, қол ұстасып Шымкент плазаға барып, бургер жеп, пәтерге өз еркімен кіріп бара жатқан видеоларын көргенде, қыздың анасының бетіне қарап ұялмайсыз ба ?-деп өзіне ұрыстым.

 

Мына тергеуіші балада біреудің үміт күтіп отырған баласы ғой, зорлаған жігіт пен қоса тергеуші балаға да кесіріңді тигізгенше қызыңа дұрыстап ие бол, жақсылап тәрбиеле, өзіңізді ел алдына аймандай қылып шығару керек деп ашуландым.

 

“Қанша бере алады берсін сонымен арызым жоқ “,дегенде мына айналып жатқан жерді тоқтатыңдаршы, түсіп қалайын деп айқайлағым келді.

 

Қоғамда осындай түсінігі бар адамдармен тұрып жатқаным үшін қатты налыдым!

 

Өмір сабақ айқайлап жылағанның бәрі әлсіз емес, әктерлер екенін де біле жүріңіздер!

 

Ал полицейлердің ішінде өз қызметіне, өз отанына адал қызмет ететіндер бар!

 

 

 

Aigul Orynbek

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2388    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 20:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31