Қызға хиджаб кигізу мәселесінде министр осылай депті

08 маусым 2022, 17:21

Инклюзивті қоғам... Қызға хиджаб кигізу  мәселесінде министр осылай депті.

 

Көз алдыма болашақ қазақ мектебі елестеді.  Иудейлер хитона киіп, симла жамылып, қытай, жапон  текті буддаға табынушылардың балалары самхатиға оранып,  дхоти, сариға малынған кришнаиттер дәлізде түтін түтетіп,  "Хари, Кришна" деп әндетіп, кебін кигендер сақалды қауғадай етіп, кафтан-сарафан кигендер Үштік жырын жырлап, протестанттар қара рясасын сүйретіп...  Осы мектеп пе?

 

Инклюзивті қоғамда "тек мұсылман балалар орамалмен келсін, басқасына рұқсат жоқ" дей алмаймыз.

 

Сөйлегенде абайлау керек!

 

 

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан