Сен тұр - мен айтайын!

Қызметтік пәтерден 4 рет бас тартқан депутат

  • Қызметтік пәтерден 4 рет бас тартқан депутат

    Қызметтік пәтерден 4 рет бас тартқан депутат

Мәжіліс депутаттарының қазіргі күні каникулға шығып, бір ойға, бірі қырға кетіп ел аралап жүргені белгілі. Сырт көзге сайланып алып, ұрты майланып, көңілі жайланып шыға келетіндей көрінгенімен, Мәжіліс депутаттарының ішінде кез келген мәселеге пікірін айта алатын, халық аманатына адалдықпен көзге түсетін депутат ретінде Нұртай Сабильяновты айтуға болады.

Нұртай Салихұлы күні кеше ғана Шар қаласындағы сайлаушыларымен кездесті. Жасыратыны жоқ, жергілікті атқарушы билікке сұрағын да, "бірағын" да жаудырғандар көп болды. Іске кіріскеніне үш айдың шамасына енді жақындаған Жарма Ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин "бір суынып, бір жанып" отырған сәтке де куә болдық. Дегенмен, Нұртай ағаның сайлаушылар алдындағы қорытынды сөзінде айтқан пікірі көпшілік көңілін толқытты .

-Шындығы керек, қазір Мәжіліс депутаттарының атына да түрлі әңгіме, пікірлер әлеуметтік желіде жиі айтылады. Қызметтік пәтері, айлығы жетіп артылып отырып түк бітірмейді дегендей... Алайда, ағайын, мен сіздердің алдарыңызда алғаш рет Мәжіліс депутаты болып сайланғанымда 42 жаста екенмін. Содан бері 15 жыл өтті. Сіздердің әрбір мәселелеріңізді назарымнан тыс қалдырған емеспін. Абай, Жарма, Аягөз, Үржар, Тарбағатай аудандарынан келген қаншама хаттардағы мәселеден туған сұрақтар бойынша тиісті орындардың назарын аударып, проблемалардың дұрыс шешілуіне атсалыстым. Айтқым келгені - мен өз басым Мәжіліс депутаты ретінде берілетін қызметтік пәтерден 4 рет бас тарттым. Неге? Өйткені, мен бизнестен келгенмін. Елордада 4 бөлмелі өз үйім бар. Қаншама отбасылардың жағдайын көріп жүрмін. Үйге зар болып, баспана кезегінде жүрген. Ең бастысы аманатқа адалдық-менің басты ұстанымым, - деді Н. Сабильянов.



Сатжан Карипбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31