«Қызы ғой, қатты жылады...» – деп жатады, үлкендер. Сонда шын жоқшы қыз боп тұр-ау, ә?

02 қазан 2019, 13:20

— Өз қазамды көргендей болдым, — депті төрт ұлы бар досымның келіншегі бір үйден шыққаннан кейін. Қайтқан кейуананың қызы болмаса керек. Келіндерінің ықылассыздау жоқтап отырғанын көргенде, түйгені.
...Бір жездем қайтыс болғанда, шұғыл жеттім. Мен барғанда, алты ұлдың ортасындағы жалғыз қыз әлі жете қоймаған, апаммен бірге қатарға жиен жеңгелерім жайғасыпты. Бір топ кісімен кіргем, әуелі апаммен, сосын жеңгелеріммен көрістім. Тентектігімен аты шыққан апам бір кезде:
— Әй, қатындар, дұрыстап жылаңдар, — деп ақырсын. Мен мырс ете қалдым.
Жеңгелерім дауыстарын үдете түсті. Тек кейбірінің иықтары бүлк-бүлк етеді...
«Қызы ғой, қатты жылады...» — деп жатады, үлкендер. Сонда шын жоқшы қыз боп тұр-ау, ә?

Бауыржан Бабажанулы
Фейсбуктегі парақшасынан