Сен тұр - мен айтайын!

Қызың қай мектепте оқитынын білеміз, абайла"- деп...

  • Қызың қай мектепте оқитынын білеміз, абайла

    Қызың қай мектепте оқитынын білеміз, абайла"- деп...

Соңғы уақыттарда түрмедегі ұрған, қинаған видеолар шығып кетті. Бәрі жабылып түрме қызметкерлерін қарғап сіледі. Отырған адамдарды аяп, жүйені кінәлады .


Біз өзі қызық халықпыз ғой, бүгін қарғап сілесек, ертең аяп жанымыз ашып отырады.


Былтыр Ақтау қаласында түрме басшысы, қызметкері "25 мың теңге пара алды"- деп , жеті жылға сотталып кетті. Сондағысы түрмеге тәртіп орнатқысы келіп, наша сияқты рұқсатсыз заттарды кіргізуге тиым салған екен. Шыны керек басшысы алмаған, ал қызметкері алмақшы болған деген айып тағылған. Соңында мен арласқан соң, айып төлеп шықты. Жігіттердің үстінен арыз жазған қылмыскер адам өлтірген оңбаған.


Жиырма жылға қамалған қанды қол қылмыскер! Яғни түрмеде өз заңын жүргізбекші болған. Соңында түрме басшысын құртып, өз дегендеріне жетті. Сол қызметкерлердің үйлеріде жоқ. Жалдамалы пәтерде тұрған сол кезде. Жағдайларынан көрніп тұрды, пара алмайтын отбасы екені. "Күйеуім өте адал, мемлекетке адал қызмет етті"-деп әйелі жүгірді шырылдап.

Қызметкерлерге "ананы, мынаны кіргіз, кіргізбесең қызың қай мектепте оқитынын білеміз, абайла"- деп қорқытулар түсетінін айтқан қаншама түрме қызметкерлері.


Бейбітшілік заманда айна, сотка ұрлап адамдарды өлтіріп кетсе тағы ойбайлаймыз ұстамайсыңдар ма, жазаға тартпайсыңдар ма?-деп! Ал жазаға тартса тағы жанымыз ашып мүсіркеп оларды ақтап шығамыз. Бекерден бекер түрмеде ұрмайды. Өздері тілден тауып, әдейі өздерінің системаларын енгізгісі келетіндер де бар. Түрме қызметкерлерінің де жұмысы оңай емес. Адамдарды аямай өлтірген қылмыскерлер, әдейі қызметкерлердің психикасымен ойнайтындары да бар. Сол себепті қандай жағдайда да, істің ақ қарасы шешілгенге дейін ойбайлауды қояйық! Сексен мың айлыққа, қылмыскерлер мен жабық мекемеде, күндіз түні бірге жүру бұл оңай жұмыс емес!

Қоғам әрбір резонанс тудырған іске екі жақты қарап үйренетін уақыт келді. Айқайлап жылағанның бәрі ақ емес!


Айгүл Орынбек

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 3918    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 13:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30