"КЮНЕТТІҢ" күйігінен өзіне қол жұмсапты
38 жастағы жалғызбасты келіншек өзіне қол жұмсап дүниеден озыпты. Жақын туысының айтуынша бәленің бәрі қайтыс болған келіншектің "Кюнет" деп аталатын қаржылық пирамидаға кіріп, соның кесірінен тұрақты жұмысын тастаған кезден басталған. Онсыз да күйі жоқ "Кюнетке" кіріп, келіншек қарызға белшесінен батып әбден күйінген екен. Барлық қаражатты үстіндегі "аплаин" деп аталатын апайына апарып беріп, кейін ол аплайнның құйрығын да ұстай алмай қалған. Ал біраз уақыттан кейін әлгі желілік макетинг атын жамылған қаржылық пирамидаға соңынан өзі ертіп кіргізген "жақындары" бірінен соң бірі әйелдің үйіне келіп, есігін қағып табалдырығын тепкілеп: "ақшамызды қайтарып бермесең, сотқа беремін, құртамын" деп қорқыта бастайды. Малайзия еліне асып кеткен қаржыны қайдан тауып берсін, келіншек тағы да несие алуға мәжбүр болады.... Ақыры міне...
Елес ақшаның соңынан еремін деп жүріп адамға сенгіш, аңқылдаған ақкөңіл бір тағдыр үзіліп кетіпті.
Фейсбуктегі парақшасынан