Біздегі ғалымдар да, псевдоғалымдар да, журналистер де "латын әліпбиінің нұсқасы", "латын әліпбиінің мәселелері" дегенде күлкім келеді.
Латын алфавиті - біздің заманымызға дейін бесінші ғасыр шамасында пайда болған, латын тілін әріптермен таңбалау жүйесі. Онда ешқандай нұсқа да, сіздер шешетін проблема да жоқ.
Бізде жасалып жатқан - латын графикасымен таңбаланатын қазақ әліпбиі. Көп сөз болса да, қисынға салып, әр нәрсені атымен атауды үйренейікші.
Назгүл Қожабек
Фейсбуктегі парақшасынан