Сен тұр - мен айтайын!

Латын қаріпі туралы айтысып-тартысып жүре берсек, әлі он жыл ойланатын сияқтымыз

  • Латын қаріпі туралы айтысып-тартысып жүре берсек, әлі он жыл ойланатын сияқтымыз

    Латын қаріпі туралы айтысып-тартысып жүре берсек, әлі он жыл ойланатын сияқтымыз

Латын қарпі туралы айтайықшы. Баяғыда, студент кезімізде ескі қазақ газеттерін оқу үшін кітапханаға барамыз. Төте жазуды білмегендіктен, "Айқап", "Дала уәлаяты" газеттерін оригинал оқи алмадық. Одан берідегі латын қарпімен жазылған дүниенің бірін түсінсек, бірін ұқпай қалдық. Ал жаңадан ұсынылған алфавит тәп-тәуір секілді. Тек, мәселе "ң" әрпінде шығар. Бірақ оған да уақыт өте келе үйренерміз. Меніңше, алфавиттің осы нұсқасы дұрысырақ. Қабылдап, бастауыш сыныптарды оқытуға кірісу керек. Айтысып-тартысып жүре берсек, әлі он жыл ойланатын сияқтымыз ғой. Толғағы келген нәрсені дер кезінде шешіп тастамаса, ол мәселе келер ұрпаққа артылған сансыз ауыр мұрамыздың бірі болып қалып қояды. Алфавит мәселесін бүгін және біз шешіп тастауымыз керек. Ең болмаса осы міндетімізді орындайық!
Ал кирилл қарпімен жасалған орасан зор рухани құндылықтарымызды латын қарпіне ауыстырудың түк қиындығы жоқ. Баяғыдағыдай әріп қотарып отырмаймыз. Компьютерлік технология әп-сәтте мыңдаған кітапты латын қарпіне аудара салады. Қолымыздан дүние әлемді өзгерту келмесе де, болашақ ұрпағымызды бодандық санадан осылай арылту келері анық. Әрине, қазір бәрімізге қиын тиеді. Бірақ жақсы нәрсе, жақсы болашақ үшін ондай "шоковая терапия" аса қажет. Алфавиттің осы нұсқасын қолдайық!

Тоқтар Жақаш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1402    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 10:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30