Сен тұр - мен айтайын!

Əлемдік пандемияны білім саласының қызметкерлері жасап отырған жоқ

  • Əлемдік пандемияны білім саласының қызметкерлері жасап отырған жоқ

    Əлемдік пандемияны білім саласының қызметкерлері жасап отырған жоқ

Əлемдік пандемияны білім саласының қызметкерлері жасап отырған жоқ. Бірақ балам оқи алмай қалады деген ата-аналар білім министрінен бастап мектеп босағасына дейінгі аралықты шулатуда. Жарайды, жаныңыз ашып отырған шығар. Алайда, қазіргі болып жатқан ахуалға кінəліні іздеп, осы жерде "тегін құрылғыны қайтарымсыз берсін" деп талап еткеннен гөрі оқулықты қолға алып, өзіңіз бірге үйренуге талпынып көрсеңіз қалай болар екен? Бұл- қарусыз майдан, өмір мен өлімнің арасында тартыс жүріп жатыр. Əлем тəжірибесіне сүйенсек, анадан асқан ұстаз жоқ, мектепте ақыл-есі кем деп танылған Томсонды ғалым етіп шығарған -анасы, үйден өзі оқытқан. Мұхтарды Əуез атасы сауаттандырған. Абай орыс семинариясында 3-ақ ай оқыған. Тізе берсек, көп қой. Осы бүгінде болып жатқан қарпып қалу əрекетінің барлығы бір мемлекет құлап, екінші кіші мемлекет еңсе көтергенше идеологияның жоқ болғандығының нəтижесі. Бүгін анасы əкімшіліктің дарбазасын қағып, тегін компьютер əкелгенін көрген бала сол өнегені қайталары анық. Сіздің балаңыз сізді асырап, қартайғанда күтудің орнына еш жетістікке жетуге талпынбай, бəрі үкіметтің міндеті деп, оңай олжаны қуалап, баласын балалар үйіне, қартын қарттар үйіне өткізіп, тек жеңіл өмірге елітетін болады. Бұл-сынақ, əрбір сынақтың артында жасырынған асу тұрады. Асуды бағындыру үшін ауызбірлік, сабыр, түсіністік керек. Бұл ауыртпалық та артта қалады. Лайым да, мына нəубеттен бала-шаға, бауыр, туған-туыс, ата-аналарымыз бен жора-жолдастарымыз аман шығайық. Əрбір кедергі, əрбір асу - бізді тек шыңдай түспек.

 




Көрілген: 1363    Пікірлер: 0

сенбі, 29.08.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31