Сен тұр - мен айтайын!

Махаббат биік, таза адамдарға ғана тән...

  • Махаббат биік, таза адамдарға ғана тән...

    Махаббат биік, таза адамдарға ғана тән...

Махаббат биік адамдарға ғана тән. Махаббат таза адамдарға ғана тән.
Махаббат адамды ауыр сәттен, сәтсіздіктен, депрессиядан, құлдыраудан, түңілуден құтқарады.
Турия Питтің өмірінде Майкл болмаса, осындай ізгі ниетті аяулы жігіт болмаса, ол осындай мықты болар ма еді, кім білсін... Егер жігіті Майкл теріс айналып кетсе, сынып кетер ме еді, кім білсін...
Бүкіл халық еркелетсе де, алақанына сап аяласа да, сынып, өзін жоғалтып алған таланттар қаншама?!
Турия Питт - рухты ару, оның жаны сұлу.
Бір кезде оның тәні де сұлу еді. "Мисс Австралияға" қатысты.
Қыз баладан жігіт(ің) ғана емес, әлем әдемілікті, сүйкімділікті, нәзіктікті талап етеді.
Турия Питтке Құдай әдемілікті аямай-ақ беріп еді.
2011 жылы... 100 километрге жүгіруден марафон... 24 жасар қыздың тағдырын, түр-келбетін өзгертіп жіберді. Турия Питт және бір топ адам жүгіріп жүргенде өрт шығып, олар өрттің ортасында қалады.Турияны тік ұшақпен ауруханаға жеткізеді. Турияның 65 пайыз денесін күйік шалады. Дәрігерлер "тірі қалуға шансы аз" дейді. Сол ауыр күндері Турияның жігіті сүйгені үшін жұмысын ауыстырып, қызының ұйқысын күзетеді.
Турияның оң қолының бүкіл саусағын, ал сол қолының екі саусағын кесуге тура келеді.
"Көзімді ашқан кезде жылап отырған Майклды және неке жүзігін көрдім" деп жазады кітабында. Турия ауруханадан шыққан соң 2 айдан соң жігітіне тұрмысқа шығады.
Бір кездегі сұлу арудан жұрт қорқатын қызға айналған Турияны Майкл сол қалпында қабылдап, махаббат пен мейірімге бөлейді. Турия өмірге сәби әкеледі.
Бүгінде Турия қайырымдылықпен айналысып, адамдарға мотивация беріп жүр.

Ая Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1606    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 09:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31