Махаббат көрмеген адамнан/қоғамнан мейірім мен жөні түзу түсінік күту де...
"Бала кезімізде ата-анамыздан біз де таяқ жедік, өлген жоқпыз" дейді рухының әлдеқашан өліп қалғанынан бейхабар химия ғылымдарының кандидаты.
"Бала кезімізде ата-анамыздан біз де таяқ жедік, еш нәрсе болған жоқ" дейді. Еш нәрсе болмаған болса олардың сені ұрғаны қалайша есіңде қалды? Қандай да бір әсер қалдырмаған болса ұмытылып кетуі керек емес пе, Травмабай мен Травмагүл?!
Бұлардың біреуі бүгін тақпақ жазыпты. Тақпақта бала кітап оқымай қойыпты. Сөйтсе анасы құйрығына салып қапты. Сөйтсе бала шағымданып жіберіпті де бала анасыз, ана баласыз қалыпты.
Түсінік шеңберіміз -шеңбер дей алсақ егер - осы. Хабермас та айтып өткеніндей бұлар егер қолынан келсе унитаздың суын ағызғанда өз нәжісімен бірге баласын да ағызып жіберетіндер. Өйткені бар түсініктері осы. Бала, әлі олардың денесінің бір бөлшегі. Солай ойлайды. Тіпті дәл осы сөзімді тікелей мағынада түсінсе таң қалмаймын.
Махаббат көрмеген адамнан/қоғамнан мейірім мен жөні түзу түсінік күту де... Қайтсін енді. Адам ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі деуші ме еді?!
facebook.com парақшасынан