Сен тұр - мен айтайын!

Махаббатты шын сезінген сәттер ыстық...

  • Махаббатты шын сезінген сәттер ыстық...

    Махаббатты шын сезінген сәттер ыстық...

Алғашқы махаббат


Баяғыда ғой... Бірінші курстамыз. Құрбым екеуміз жатақханаға бардық. Кімге барғанымыз есте жоқ. Алдымыздан басқа қыз шықты. Жүзі бал-бұл жанып тұр. "Не болды?" дестік. "Бір қызық айтайын ба?" деді. "Айтшы" деп өзеуреп тұрмыз. "Қыздар, мен ғашық боп жүрген жігіт бүгін маған сөз айтты. Ол да маған ғашық екен. Мұндай бақытты сәтті басымнан кешіп көрмеппін. Не істерімді білмеймін. Айқайлағым кеп тұр. Аяқ-қолым дірілдеп, жүрек алып-ұшып тұр. Бір орында отыра алатын емеспін. Көршілерімнен жүз грамм сұрап іштім. Өмірі ішіп көрмегем ғой... Бұдан да пайда жоқ. Мен бақыттымын!" деп күле береді. Өзі де сұлу қыз еді. Одан сайын ажарланып кеткендей көрінді. Махаббат деген ұлы күш боп тұр ғой. Он сегізге де толмаған шағы, әсерленгіш қалпы... Неге жүз грамм? Ішкі бұлқыныстың бәрін жауып-жасқау үшін шығар... Бақытты сәтті ешкімге білдірмеу үшін... Шынайылығынан ғой, қатты әсерленгені... Қанат біткені ғой, ұшуға сәл-ақ қап тұрғаны... Жүз грамнан емес, махаббаттан мас болғаны ғой... Онысы бір ауыз сөздің ғажаптығын сезіну еді. Бір көзқарасқа ерігені. Бір ғажапқа есік ашқаны. Тылсымға бой алдырғаны. Алғашқы махаббаттың әсері...
Алғашқы махаббат ыстық болатын болса керек. Махаббатты шын сезінген сәттер ыстық. Сол көркем сезім қадірлі кезінде маңызды. Оның қадірін арзан манипуляция, қулық, аярлық құртып тынатыны болмаса. Жүректегі маздап тұрған от сезімді бір ауыз суық сөзбен өшіре салатындар болмаса. Шын ықыласты бір харамдық өлтіре салатыны болмаса. Сүмелек манипулятор болғанша, бір күн болса да шын сүйіп өткенге ештеңе жетпейтінін кеш білетіні болмаса.

Shynar Ábilda

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1579    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31