Мақсаттары білім беру емес біреулердің қалтасын қампайту
Бізде қазір мемлекеттік мектептер мен жеке мектептер бар. Мемлекеттік мектепте бір сыныпта 30-дан аса оқушы болады. Мұғалім оның бәріне үйрете алмайды. Айлық аздау. Сапалы мұғалімді ол айлықпен ұстау қиын. Бірақ жеке мектеп те бар. Оқушы саны аз. Мұғалімдердің айлығы жоғары. Білімі сапалы. Оқу ақысы орташа жылына 10 000 доллар. Шаман жетсе жекеге оқыт, жетпей сіңір болсан мемлекеттік мектептің ішіндегі тәуіріне оқыт. Жалпы таңдау өз еркіңде. Бірақ мемлекеттік мектептен де төмен жеке мектеп жоқ. Болса да ешкім баласын онда бермейді.
 
Енді бізде университеттер бар. Ол жақта да сенде таңдау бар. Шаман жетсе мемлекеттік грантты ұтып алып мемлекеттік университетте оқы. Оны менсінбесен шаман келсе КИМЭП, Қазақ Британ Университеті сияқты жерлерде оқу ақысын қалтаңнан төлеп оқуға болады. Бірақ университетке келгенде сәл дебилизм бар. Жеке университет дегендер бар. Оның дәрежесі төмен. Оқу ақысы арзан. Сонда да студенттер оқиды. Ол енді бизнес. Мақсаттары білім беру емес біреулердің қалтасын қампайту. Оларға студент ақшасын төлесе болды. Білім екінші кезекте. Бұл нәрсе дұрыс емес деп ойлаймын.
 
Сосын бізде қазір бизнес тренер, қаржылық сауаттылық үйрететін коуч, үй алуды ақыға уйрететін қыртың сыртыңдар көбейді. Жарнама ретінде біраз бөлігін тегін үйретіп қалғанын сатады. Осыларға да жыным келеді. Олардың жағдайлары сіз бен бізден 10 есе жақсы. 4-5 үйлері бар. Сөзге енді жатып қалған. Арасында жұрттың ақшасын жұртқа қайырымдылық қылып жасап тұрады. Түбінде ойлары тиын тебен жасап қалу. Барлығымыз бизнесмен болып кете алмаймыз. Бізге өз ісін білетін мамандар жетпейді. Соларды үйрету керек. Әр адам өз ісін білу керек. Германияда дүкен сатушысын 2 жыл бекерге оқытпайды. Әр адамды маман жасайды. Әр қыртыңбайға ақша беріп байып кетеміз дей бермей өз саламыздың маманы болайық. Көше сыпырушы болсақ та сол саланың маманы болайық.
 
 
 
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі параұшасынан