Мамандары да "советскийлер"...
Таңертең, дәрiгердiң "айдауымен" флюорографияға бардым. Онысы басқа ғимаратта орналасыпты. Кipгеннен бастап, ауызым ашылып калды.
Бәрi дей алмаймын, басым бөлiгi өткен ғасырдың 80-жылдарында қалып қойғандай. Ескi стол, ескi орындықтар... Бөлменiң қабырғалары сол калпы... Өкпе тексеретiн аппараты да совет заманынан қалған сияқты. Соңғы жылдары ондай "темip-терсектi" көрген емеспiн. Мамандары да "советскийлер"... Жастары алты ондықты толтырып тастаған "евронәсiлдi" апайлар орман iшiнде қалып кеткен партизан тобындай әсер еттi.
«Снимоктың» кебуiн бipаз күттiк. "Жасы ұлғайған адамдар калай жұмыс icтеп жүр, бөлмелерге неге ремонт жасалмаған" деген сұрақтар iшiмдi жарып жатты.
Өздері көп айта қоймады. Жеке емхана болып саналады екен. "Қожайынның" бұл орынға неге каржы салмайтыны маған жұмбақ болып калды. Ал, медмамандардың мықты екенiне шүбам жоқ. Жасы ұлғайғанына қарамастан, "пост" тастап кетпей жүргендерiне риза болдым.
Серік Абас-Шах
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы