Сен тұр - мен айтайын!

МӘМС деген сөзді естігеннен-ақ, давлением көтеріліп кетеді

  • МӘМС деген сөзді естігеннен-ақ, давлением көтеріліп кетеді

    МӘМС деген сөзді естігеннен-ақ, давлением көтеріліп кетеді

Шаршатқан МӘМС.
 Айына 8500т төлеп жүрмін менің жеке өзім,1 жылда 100 мыңдай ақша. Мен сияқты қанша адам бар, маңдай терімен тапқан адал ақшасын желге ұшырып отырған. Соның игілігін кім көріп отыр осы? Базбіреулерді байытып отырмыз әшейін. Әйелдерін үлде мен бүлдеге орап.
Мен, мысалы, жылына 100 мыңға медициналық қызмет түрін пайдаланбайды екенмін. Сол ақшаны төлегеннен кейін барлық медициналық қызмет түрі тегін дегені де өтірік болып шықты. Ақыр аяғы санитарныйдан өту үшін де 1500т төлейтін болыппыз. "Не үшін төлейміз оны?" деген сұрағыма, "санитарныйдан өтуге қаралғаныңыз үшін" деген жауап алдым. Сонда менің айына МӘМС-ке төлеген 8500 теңгеме санитарныйдан өткізу қызметі де кірмей ма? Жүктілікті анықтау үшін түсетін УЗИ де ақылы екен. Оны онсыз да анықтап алғаннан кейін барасың ғой УЗИ-ге. Бірақ, 12 аптада ғана тегін, оған дейін ақылы. Сонда не бұл? Біз МӘМС-ке бір төлеп, өзіміз тағы ақылы өтетін болсақ қажетті медициналық зерттеу-тексерулерімізді, не үшін сонда қолақпандай қып қанша ақшамызды айма ай аударып отырмыз. Онысы тағы 2022 жылдан бастап, 3%-ға өспекші (айлығымыздан ұстайтын ақша)
Неге тек ақша алуды ғана білед осы билік. Неге ол міндетті сақтандыру? Біз қандай елде өмір сүреміз өзі? Демократия деген қайда? Адамның таңдау құқығы қайда? Міндетті сақтандыру екен, неге сапалы қызмет көрсетілмейд?
Менде бір мәрте мынадай жағдай болды. Бауырым мазалап УЗИ-ге түстім (тегін, сақтандыруыммен), бас-аяғы 1-2 минуттың ішінде түсіріп, тяп-ляп бірдеңені айтты. Еш көңілім толмады. Ол жерде ол дәрігермен сөз таластырудың артық екенін түсіндім де, ақылы УЗИ-ге бардым. Өйткені, денсаулық өзіме керек. Ақылы УЗИ дәрігері 15-20 минуттай қарады, 5-7 минуттай қорытындысын түсіндіріп, дәрігерлік кеңес берді. Қарап отырсам, екі УЗИ-дің де қойып тұрғаны бір диагноз. Бірақ, біріншісі соны дұрыстап айтып, түсіндіріп тұрған жоқ. Өйткені, мен ол үшін "пайдасыз" пациент шығармын, тегін барып тұрған. Мүмкін, өзі сондай немқұрайлы дәрігер шығар?.. Ал, екінші дәрігер тәптіштеп бәрін түсіндіріп берді. Дәрігердің де дәрігеріне жолықтым ба, мүмкін?
Біздің ел жалпы мұндай жүйеге дайын емес."Қалтаңда ақшаң болса ғана қарайды" деген түсінік қалыптасып қалған елде бұл нәрсенің сапалы жұмыс істеп кетуі екіталай.
Осы әлеуметтік сақтандыруды міндетті қылмай, бұрынғысынша өзіміз ақылы бара берсек болмай ма?!




Көрілген: 2450    Пікірлер: 0

сенбі, 18.09.2021, 21:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31