Сен тұр - мен айтайын!

Мәңгілік алау немесе ініге хат

  • Арман Сқабылұлы

    Арман Сқабылұлы

"Семейде мәңгілік алау тағы өшіп қалыпты. Оған қаржының жоқтығы себеп екен" деген ақпаратты оқыдық. Өкінішті жағдай. Дегенмен мені естен тандырған осы мәселеге байланысты жазылған, өзім жақсы көретін, болашағынан көп үміт күтіп жүрген Руслан Желдібай бауырымның жазбасы болды. Қазір бәрі ақшамен бағаланатын заман болды ғой. Руслан әлгі алауға жылына қанша ақша кететінін есептеп, Алматыдан басқа қалаларда мәңгілік алауларды өшіріп тастауды ұсыныпты. Сонда бір ғана Семей қаласында үш жүз мың теңге үнемдейді екенбіз. Шынымды айтайын, Русланның бұл ұсынысын өз басым "атаңның басына қойылған құлпытасты құлат" дегендей қабылдадым. "Мәңгілік алау Ресейде ғана бар. Бізге қажеті жоқ " дегенді білімі бізден жоғары - сенің айтатын жөнің жоқ еді, інім! Париждің төрінде бірінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған мәңгілік алаудың 1921 жылдан бері сөнбей тұрғанын, оның француздар үшін ең қасиетті орындардың бірі екенін менен гөрі сен жақсы білуің керек еді ғой. Мәңгілік алау - соғыста хабарсыз кеткендердің рухына тағзым ететін орын емес пе? Екінші дүниежүзілiк соғыста он мыңдаған қазақ хабарсыз кетті. Бір ғана Ржевск қаласының түбінде елу мыңдай қазақстандықтың қаза болғанын, олардың кім екенін әлі анықтай алмай дал болып жатқан жоқпыз ба? Оның арасында менің де атам бар. Сенің де атаң болуы мүмкін. Сол үш жүз мың теңгені таба алмай отырған жергілікті әкімдіктің құны мен үшін көк тиын. Кеңірдектен өтіп жатқан миллиондардың жанында мынадай ақша олар үшін түк емесін сен де біліп отырсың, Руслан! Сондықтан сол үнемделген үш жүз мың теңгені ардагерлерге берейік дегенің тіпті күлкілі. Мәңгілік алау мен үшін - идеологиясы жоқ қоғамда ең құрығанда жылына бір рет немеремді апарып, батыр бабалары туралы әңгіме айтатын, санасына сәл де болса патриотизм жайында бірдеңе құйып қалатын орын. Қатты айтсам, ренжіме, інім!

Арман Сқабылұлы

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1816    Пікірлер: 0

жұма, 05.12.2014, 08:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30