Сен тұр - мен айтайын!

Маргинал, ұрда-жықтарды айналасына жинап жүргені тегін емес екен

  • Маргинал, ұрда-жықтарды айналасына жинап жүргені тегін емес екен

    Маргинал, ұрда-жықтарды айналасына жинап жүргені тегін емес екен

Соңғы кездері Әблязов жақтастарының жазбаларын көріп шошиын дедім. Тұнып тұрған агрессия. Маргинал. Дөрекі. Әблязовқа қарсы пікір айтсаң бітті сені халықтың жауы етіп шығарады. Ертең көрсетеміз әлі деп доқ көрсетеді. Көрсетеміз деп нені меңзеп тұрғандарын түсінбедім. Сталин сияқты репрессияны ма? Менің де көңілім толмайды, менде жемқорлық, парақорлыққа қарсымын. Бірақ, бұл күресті Әблязовсыз жасасам болмай ма? Өз ана тілін білмейтін алаяқтың артынан ергім келмейді менің. Мен енді осы үшін халық жауы боп қалдым ба? Логика қайда? Өздері қақсап жүрген демократиясы қайда? Әблязовтың википедиясына кіріп көрсем тттөөф шіркін, Махатма Ганди деп қаласың. Ол күрескер екен. Ол әділет туын көтерген батыр екен. Не дейд құдайым-ау, күлкіден жарылдым. Ол Еуропаның ең қымбат елінде, ең қымбат районында қай ақшасына шалқып жүр екен? Еуропаның ең қымбат юрист, лоббисттерін қай ақшасына жалдап жүр екен? Тура судан ақ сүттен таза етіп көрсетеді өзін. Ең өкініштісі, соның артынан еруші "үмбеттері". Ә десең мә дейді. Тұнып тұрған агрессия. Саусақ аспанды көрсетсе нақұрыс саусаққа қарайды демекші, Әблязовтың байлығын айтсаң ол Машкевичті көрсетеді. Сен не десең де екеуі де ұры, алаяқ қой? Жоқ, олардың пайымдауынша ана ұры мына ұрыдан биік! Л-Логика қайда ә?)))


Ардақ Әшім деген тәтені бұрын сыйлаушы ем. Сөйтсем ол тәтеде Әблязовтың нағыз сенгені боп кетіпті. Өзі елде қазақ тілінің жағдайын айтып билікті қарғап сілейді. Бірақ өзінің үміт артары қазақ тілінен жұрдай екенінде шаруасы жоқ))) Қашан қарасаң тұнып тұрған агрессия.


Американың бір генералы айтқан екен. "Сегодняшний Ирак такой из за Саддама, или Саддам вынужден быть таким из за Ирака? - деп. Сол секілді мұндай ерме халыққа кейде темірдей тәртіп орнатпаса да болмайтын сияқты.


Бірде сол "әблязовшылармен" пікірталаста - Мен ешкімге сенбим, Әблязовқа да басқаға да. Мен қазіргі ссср көрмеген тәуелсіз жастарға , Айдос Сарым, Дос Көшім сынды білімді ағаларға сенем десем, "Айдос Сарым, Дос Көшімдерде құйыршақтар, әйтпесе қалай еркін сөйлеп жүр" дейді (негізі түпнұсқада одан да жаман айтты). Логикалары бойынша аузыңа келгенді құсуың керек, жеке басқа тисуің керек. Сөйтіп жауапқа тартылуың керек. Сонда ғана сен қайраткер атанады екенсің)).


Маргинал, ұрда-жықтарды айналасына жинап жүргені тегін емес екен негізі. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!


Ақылбек Бекбосынов

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

жұма, 25.01.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30