Сен тұр - мен айтайын!

Мәселе көпбалалы болуда емес, сол балаларды өсіріп-жеткізуде

  • Мәселе көпбалалы болуда емес, сол балаларды өсіріп-жеткізуде

    Мәселе көпбалалы болуда емес, сол балаларды өсіріп-жеткізуде

Көпбалалы болуға да ешкім қарсы емес. Мәселе көпбалалы болуда емес, сол балаларды өсіріп-жеткізуде. Біздің бала күнімізде қарның тоқ, киімің бүтін, денің сау болса, жеткілікті болатын. Қарнымыз тоқ, киіміміз бүтін, деніміз сау еді. Қазір осының өзі оңай болмай жатыр. Айналамда көп демей-ақ қояйын, екі-үш баласын әрең асырап жүргендер көп. Үш баласына іліп алар бір киім әпере алмай, ұлы мектепке жыртық кроссовкидің ішіне губка салып барып жүрген келіншек туралы жазғанмын былтыр. Өзі жетім өскен соң, мамам соны көріп қатты қиналды. Осы желіде көптен көмек сұрап, Шолпан Рақымқызы мен Назым Дутбаева балаларының қысқарып қалған етік, курткаларын беріп, Есенгүл Кәпқызы ақша беріп, соны апарып бергенде балалар қуанғаннан жылап жіберіпті. Бұл үш бала әркімнің есігінде, бір күн аш, бір күн тоқ, әйтеуір өсіп жатыр.

Тағы бір отбасы бар. Алты балалы. Күйеуінің де, әйелдің де денсаулығы жоқ. Үйсіз. Алты баланың да денсаулығы жоқ. Өкпелері құрыған. Әркімнің сыз үйінде, бір күн аш, бір күн тоқ жүрген соң өкпе құрымай қайтсін?! Ал әке-шешесі осындағы көп адам сияқты "Құдайдың бергені, Құдай да сүйген құлына береді" деп мәз. Құдайдың берген байлығы болса, соған оң көзбен қара, аманатқа қиянат жасама, ал асырай алмай отырып, елге ақыл айтпа, тапсынып сөйлеме дер едім.

Көпбалалы болуға қарсы емес ешкім. Қарсы болуға хақымыз да жоқ. Бірақ сол балаларды өсіріп-жеткізсе, тамағын тауып беріп, киімін бүтін ұстаса, дұрыс білім мен тәрбие берсе, өзінен артық қып өсірсе, ондай ата-анаға алғыстан басқа не деуге болады?! Ал баласына басқаны айтпағанда тамағын зорға тауып беріп отырғандар мен жағдай жасау дегенді айфон әперіп, қалағанын жасау деп түсінетіндер ақыл айтпай-ақ қойса дейсің.

Төрт-бес балаңызға бар жағдайын жасап отырсыз ба, Алла разы болсын, әңгіме сіз туралы емес. Ал баланың жәрдемақысымен күн көріп отырып жұртқа ақыл айту әпенділік дер едім.

Көзбояушылықтың "арқасында" болса да бір отбасының мәселесі шешілді. Ал қалған мыңдаған сондай отбасын қайтеміз?..

P.S. Айналаңызға қараңызшы. Қолында бар, еңбекқор бір бауырына тас кенеше жабысып, масылдықпен күн кешіп жатқан арамтамақтар көрінбей ме?.. Жоқ дей алмайсыз. Толып жатыр. Ең бастысы, балаларымыз өскенде масыл, арамтамақ болмасын деп тілейік.


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

сенбі, 26.01.2019, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30