Сен тұр - мен айтайын!

Масыл ұрпақ тәрбилейік демесек...

  • Масыл ұрпақ тәрбилейік демесек...

    Масыл ұрпақ тәрбилейік демесек...

"Блогер көшеде кездескен жандардың қарызын жапты" деп қуанып жатырсыздар ғой. Ал мен оған қуана алмайды екенмін. Неге біреудің қарызын біреу өтеуі тиіс?

 

Кезінде мемлекет тарапынан да қарыздар кешірілді дегенде де таң қалғанмын. Себебі бұл - нағыз масылдық психология. Біреу нахаляво Айфон алады, басқа алады, соны жабылып салықтың ақшасымен біз төлейміз. Мемлекет кешірді деген сол ғой. Айналып келгенде сіз бен біз "айналайын, тағы қарыз ала берші" деп жалпақшешейлік жасадық. Одан соң қарыз алушылар көбеймесе, қалай азаяды?

 

Жалпы әр адам өз есебін өзі беруі керек қой. Қарызды аларда қалай асықса, берерде де сөйтуі керек.

 

Түсінбейтінім, бізде соңғы кезде масылдық психология пайда болыпты, "қарызды мен алсам, төлерде біреу төлеп берсе" деген.  Конечно, сөйтеді. Өзіміз осылай қалпағымызды аспанға лақтырып қуансақ.

 

Қайырымдылық жасаудың да өз әдебі, жөн-жосығы бар ғой. Между прочим, нағыз мүсәпір адамдар ешкімге алақан жайып бармайды. Тем более нагло "қарызымды төле" демейді. Олар тіпті бергенді алуға намыстанады.

 

Керісінше, өзінде бола тұра, өзгенікін пайда көретіндер тіпті қалтасында ақшасы толып жүрсе де, осылай біреуге ұялмай қарызын төлетіп қояды. Ондай кезде олар еңірегенде етегі жасқа толып, өтірік мүсәпір бола қалады. Кейіпке еніп. Шын мәнінде сіз бен бізден бай болуы мүмкін.

 

Ендеше, осылай кім көрінгеннің қарызын төлеуге хватит дейікші. Ол - өскелең ұрпаққа да жақсы тәрбие емес! Масыл ұрпақ тәрбилейік демесек.

 

 

 

 

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1882    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 22:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30