Сен тұр - мен айтайын!

Медицинаны жазып жүрген адам ретінде бейжай қарап, үн-түнсіз отыра алмадым!

  • Медицинаны жазып жүрген адам ретінде бейжай қарап, үн-түнсіз отыра алмадым!

    Медицинаны жазып жүрген адам ретінде бейжай қарап, үн-түнсіз отыра алмадым!

Жұртты дүрліктірейін деп төндіріп жазып отырғам жоқ!!!
Бас қалада да жағдай қиын!!!
Журналист ретінде, оның үстіне медицинаны жазып жүрген адам ретінде бейжай қарап, үн-түнсіз отыра алмадым!
Менде барлық белгілері болды. Аллаға шүкір жеңіл өтіп жатыр деуге болады. БІРАҚ кеше жаңадан 10 неше күнде салынған жұқпалы аурулар ауруханасына барып КТ жасатып едім, “екі жақтан да пневмония. Ауруханаға жату керек. Ал бізде орын жоқ” деп жолдама беріп қайтарды. Шыны керек, осыған дейін бәрін өз көзіммен көрейін деп ешкімге шықпадым, көмек сұрамадым. “Өз денсаулығыңды ойла” деген достарымның ақылына құлақ асуға тура келді. Осы саладағы біраз таныстарыма сол аурухананың алдында тұрып қоңырау шалдым. Алла разы болсын бәріне, мен үшін аяқтарынан тік тұрып көмектеспек болды. Қолдарынан рас келмеді. Қала бойынша орын жоқ.

  • Аураханаларда орын жоқ. #1 қалалық ауруханада (аурухана - больница, емхана - поликлиника!) науқастар дәлізде жатқанын алдыңғы күні түнде өз көзіммен көрдім.
  • Адамдар дәлізде жатып жан тапсырып жатыр (кеше маған келген жедел жәрдемнің айтқаны).
  • Мамандар жетіспей жатыр. Мен тіркелген бір ғана қалалық #11 емхананың 40 пайыз медицина қызметкері вирус жұқтырған. Емхана бойынша қоңырауларға жалғыз қызметкер қызмет көрсетіп, үлгермей жатыр екен.
  • Емханалардағы жедел жәрдем машиналары жетіспейді. Негізінде вирус жұқтырған науқасты емхана машинасымен алып кетіп, тексертіп, қайта сол машинамен әкеп тастауы керек екен. Бірақ мен бәріне өзім таксилетіп барып жүрмін. “Машина жоқ, өзіңіз келесіз, өзіңіз барасыз” дейді емханадағылар. Көрдіңіз бе, Құдай сақтасын, қаншама адамға жұқтырып жатырмын.
  • Дәріханаларда кезек көбейген. Дәрі азайған. Бір дәріні таңертеңнен таппадық. I-teka да бар деп көрсетеді. Барса жоқ.
  • Негізі біраз мәселе бар. Жазуға шамам жоқ. Әлсіздік. Көзім, басым ауырады. Телефонға да қарағым келмейді.
  • Жарайды. Менің жағдайым, Аллаға шүкір, жақсы. Үйде үзбей укол-дәрімді уақытылы қабылдап жатырмын. Ал қатты ауырғандар не болып жатыр?! Алла бәрімізге жар болсыншы!!!

Майгүл Сұлтан
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1577    Пікірлер: 0

сенбі, 20.06.2020, 21:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31