Сен тұр - мен айтайын!

Мектепке бала тасыйтын САРЫ АВТОБУСТЫ жолға қоймайынша, өркениетті елміз деп айта алмаймын

  • Мектепке бала тасыйтын САРЫ АВТОБУСТЫ жолға қоймайынша, өркениетті елміз деп айта алмаймын

    Мектепке бала тасыйтын САРЫ АВТОБУСТЫ жолға қоймайынша, өркениетті елміз деп айта алмаймын

Жастар дегеніміз кім? Ол - бүгінгі мектеп оқушылары. Ертеңгі - еліміздің азаматы. Жарқын болашағы. Болашақ жарқын болу үшін ең алдымен балапан кезінде Үкімет тарапынан қамқорлық көруі керек! Тағы айтам!.. Мектепке бала тасыйтын САРЫ АВТОБУСТЫ жолға қоймайынша, өркениетті елміз деп айта алмаймын. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, мектепке бара жатқан бала, автобустағы ересектердің арасында сығылып, аяқасты боп, қорлық көріп түскен соң, сабақты қайтсін?! Мектепке дейін жүйкесіне зақым келіп баратын баладан қандай мейірім мен білімді талап етпекпіз?! Соңғы отыз жылдағы адамдардың мейірімсіз болуына, қатыгезденуіне қарапайып автобустағы кептеліс өз үлесін қосып жатқанын ешкім ескермейді. Ескеретін кез туды! Ересектер тарапынан мейірім күтіп, саналы түрде балаға қамқорлық жасайдыға үміттенуідің қажеті шамалы. Себебі, қымбатшылық пен сағат сайын өсіп жатқан нарықтан халықтың жүйкесі жұқарып, шыдамы тозған. Өз жүйкесін жоғалтқан ересектен балаға көрсететін мейірімді қайдан сұрамақсыз?! Саясат пен экономика әйтеуір бір күні реттелер. Ол үшін ең алдымен "Ертеңгі күннің азаматын" - бүгінгі балапанға қарапайым қамқорлық - білім алатын мектебіне жаны сығылмай жететін САРЫ АВТОБУСТЫ жолға қою керек! Мырзалар! ХХІ-ші ғасырды да орталап қалдық. Африкада жүйеге енген Сары автобус, бізде әлі жоқтығын айтуға ұят тіптен?! Көзін ашқалы ересектер тарапынан әлімжеттік көріп өскен бала, ешқашан мейірімді болады деп ойламаймын. Үкімет пен Депутаттар ең алдымен ойланатын мәселе осы!

Айгуль Капбарова, Erlan Sairov, Karin Erlan, Erlan Aitakhanov, Alikhan Baimen ағалар, сіздер пәрмен береді деп үміттенемін!
p.s.Осы бізде бала құқығын қорғайтын ұйым бар сияқты еді? Олар не мәселе шешіп жатқанын кім біледі? Осы мәселені қосақтай кетсе дегенім ғой.

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.01.2020, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29