Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мектепте ақша жинау науқаны басталғанын күйіне жырлап келеді

23 қыркүйек 2021, 17:01

Автобуста екі келіншек мектепте ақша жинау науқаны басталғанын күйіне жырлап келеді. Қазақ мектебі қит еткенге ақша жинатқанда, орыс мектебі жинатпайды екен. Түсінбедім... Сонда, министрлік екі тілге екі түрлі қаржы бөлгені ме? Қазақ мектебіндегі қажеттілік орыс мектебінде де бар емес пе дегенім ғой. Неге қазақ мектебі бөлме жабдығын оқушылар есебінен түгендеуі керек? Жәй... Екі келіншектің біреуі ақша жинағаннан құтылу үшін қызын орыс мектебіне бергенін, үлкенін қазақ мектебіне бергеніне деген өкінішін айтып жеткізе алмай келеді. Екі аялдамадан соң түсіп қалғандары жақсы болды. Әйтпесе, сәл болмағанда өзім де немеремді орыс мектебіне ауыстырып жіберер ме едім?.. Десе де, орыс мектебі ақша жинағаннан аяқ тартады. Бұнда, қазақ мектебі батыр боп тұр екен ә?..