Сен тұр - мен айтайын!

Мемлекет байыған сайын, халықтың әл-ауқаты артқан сайын тауардың да сапасы арты түседі

  • Мемлекет байыған сайын, халықтың әл-ауқаты артқан сайын тауардың да сапасы арты түседі

    Мемлекет байыған сайын, халықтың әл-ауқаты артқан сайын тауардың да сапасы арты түседі

"Китайский" деген сөзді жиі естиміз. Бұл сөздің мағынасы біздің санамызда біреу. Ол "нашар, осал, сапасыз" дегенді білдіреді. Кей жандардың санасында расымен Қытай тауарлары тек қана нашар екен деген түсінік бар. Алайда ол менің ойымша олай емес.
Қытайдың тауарлары үш түрлі типке бөлінеді деп ойлаймын. Яғни дамыған, дамушы және үшінші әлем елдеріне сай. Әрине ол сатып алу қабілетіне де байланысты дүние ғой. Мысалы бай елдерге, сапалы әрі бағасы да қымбат тауарлар кетеді. Ал біз сияқты өзін дамушы санайтын елдерге орта деңгейлі тауарлар ағылады. Африка мен өте кедей Азиядағы кей мемлекеттерге сапасы тым нашар тауарлар барады. Барлығы да қарапайым логикадан құралады. Мемлекет байыған сайын, халықтың әл-ауқаты артқан сайын тауардың да сапасы арты түседі. Киімнің тігісі жақсарып, матасы қымбаттайды дегендей ғой.
Қытайда жасалған дегенге қарағанда, сапасыз деген мағынаны көбірек беретін "китайский" деген сөз 90-жылдары шықса керек. Нақты білмедім. Тоқырау жылдары Қытай бізге түрлі тауарын аттандырды ғой. Жасыл ұн, сапасыз киім мен аяқ киім, тіпті үлкендер айтып отыратын иісі жағымсыз арақтар. Тауардың барлық түрі сапасыз болғандықтан да осы сөз пайда болды ма деп ойлаймын. Ол кезде біздің халықтың да сапалы әрі қымбат тауар алатын жағдайы болған жоқ.
Қазір енді Қытай түрлі сападағы тауарды жасап береді. Әлемдік брендтерден кем түспейтін киімдер, гаджеттер мен құрылыс материалдары, ойыншық пен техника түрлері. Бағасына байланысты. Қытай әлемдік фабрикаға айналғандықтан, қандай сападағы болмасын тауар шығаруды үйреніп, меңгеріп алды. Алдыңғы он жылдықта "китайский" сөзі тек шыққан елін білдіретін түсінікке айналатын шығар. Мысалы баяғыда Жапония соғыстан кейін тауар өндіре бастаған сәтте, "жапон тауары" деген сөз сапасыз дегенді білдіріпті. Себебі расымен сапасыз болған. Ал қазір жапон тауары жайлы ондай түсінік жойылды ғой. Мүмкін ойым қате шығар.
ПыСы: "Ее Құдай қытайский ғой мынау" деген уөрші апаның репликасынан кейін туған пост қой.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1443    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 10:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31