Сен тұр - мен айтайын!

Мемлекет дін мәселелеріне, дін - мемлекет мәселелеріне араласпау керек

  • Мемлекет дін мәселелеріне, дін - мемлекет мәселелеріне араласпау керек

    Мемлекет дін мәселелеріне, дін - мемлекет мәселелеріне араласпау керек

БІЗДІҢ МАҚСАТ - ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІ САҚТАП ҚАЛУ


Зайырлы, демократиялық мемлекет дененіміз не? Үкімет дінге араласпау керек, рас. Бірақ дін де мемлекеттік мәселелеріне араласпау керек қой! Біздің мемлекетімізде идеологиялық жұмыс болмағандықтан идеология саласында да бардак боп тұр.


Мысалы, Мұхамеджан Тазабек, дінді Асыл арнаның жетекішісі, неге мемлекеттік органдарға барып - полицияға, әскерлерге, мектептерге, ВУЗдарға - уағыз айтып жүр? Бұндай мүмкіндік оған кім беріп отыр? Неге ол полицияны бейбіт митингке шыққан халыққа қарсы айдап салуда? Оған бұндай құқық оған кім берді? Бұндай әрекет нағыз арандатушылық деп білем. Полиция бейбіт шеруге шыққан халыққа күш жұмсамау керек. Бейбіт митинг-шеруді өткізу - ол халықтың Конституциялық құқығы.


Негізі діншілер саясатқа араласатын болса түбі Қазақстанды халифатқа айналдыру мүмкін. Сауд арабия, Афғанстан, Сирия секілді елдерге айналамыз. Бұған дайынсыңдар ма? Түбі сөзсіз өте қанды соғыс болады. Бізге Шариғат әлде демократия керек пе? Таңдау жасауымыз қажет, себебі бұл бір біріне 100% қарама қайшы құбылыстар.


Бүгінгі күндерді репрессия дейміз, ал сол кезде қанды террор басталады. Адамдардың бастары мен қолдарын шабу, әйелдерді таспен өлтіру, т.б. Өйткені халифат Шариғат заңымен өмір сүреді. Еліміз өте қараңғы елге айналады. Сондықтан біз зайырлы мемлекетті сақтап қалуымыз жөн.


Мемлекет дін мәселелеріне, дін - мемлекет мәселелеріне араласпау керек. Дін - адамның жеке шаруасы, құқы. Зайырлы мемлекетіміз деген осы. Алашорда қайраткерлері зайырлы мемлекетке зар болды. Біз де бұндай ұстанымында қалуымыз керек.


Мұхтар Тайжан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 754    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 11:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31