Мемлекеттен айлық алатындар тордың ішіндегі тотықұс сияқты

17 мамыр 2021, 23:41

Біз ғой ойымызға не келеді соны жаза саламыз. Жеке фирмада істейміз. Жұмыстан шығарса, басқасына кіре саласың.

 

Бастығыңның сенімен шатағы жоқ. Жұмысын істесен болды.

 

Осы әлеуметтік желіде отырған мемлекеттен айлық алатындар мен тендер алатындарға жаным ашиды. Көбісі тордың ішіндегі тотықұс сияқты. Көп нәрсені айтқысы келсе де айта алмайды.

 

Айтса сол күні жұмыстан шығарады. Сонда да фейсбукқа тіркеліп алған. Тек тіркеліп алса жөн ау. Біреулеріне белгілі бір тақырыпта пост жаздыруы мүмкін.

 

Нанын жеп жатқан соң амал жоқ оны да жазуың керек болады.

 

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан