Сен тұр - мен айтайын!

Мемлекеттен нанды да, идеяны да сұрай беретін қоғам орнатып алсақ - біткен жеріміз сол

  • Мемлекеттен нанды да, идеяны да сұрай беретін қоғам орнатып алсақ - біткен жеріміз сол

    Мемлекеттен нанды да, идеяны да сұрай беретін қоғам орнатып алсақ - біткен жеріміз сол

СОКРАТ ПЕН ПЛАТОННЫҢ СЕНГІШТІГІ һәм идеяжасам табиғаты һахында


Сократ пен Платонның сенгіштігіне таң қаламын! Сократ айтады, адамның жамандығы - оның білместігінен, яки білімнің жетпей тұрғандығынан деп. Сол үшін білімді үйрету арқылы жанды (психэ) тәрбиелеуге болады дейді. Педагогикаға (пайдея) көңіл бөлді. Соңында бәрібір өресі төмен тобырдың қолынан қаза табады. (Сократтың әділетсіз болса да заңға мойынұсынуын позитивистік сарынды жақтағаны деп түсінуге болмайды).


Ал оның шәкірті - Платонның сенгіштігі, ұстазынан озбаса, мысқалдай кем түспейді. Сиракузы қала-мемлекетінің тираны жеке басына неше мәрте қауіп төндірсе де, үш рет алданып, алдына барады. Алғашқысында түрмеге салайын деп тұрған жерінен жанашыр ағайын табылып, балықшының қайығына отырғызып, қаладан қашуына көмектеседі. Қазақ "бір сынаған жігітті, егіз екі сынама" (Бұқар жырау, Төле би) деуші еді, бұл Платон пақырың ғұлама басын салбыратып екінші рет шақырғанға алданып тағы барады. Бұл жолы да сол "иедалды мемлекет" құру идеясымен әбден зығырданына тиген Платонды тиранекең спарталықтарға біржолата құлдыққа сатады. Ол жақтан бір танысы сатып алып, құлдықтан азат етеді. Сонда да көңілі қалмай, атын атап, арнайы шақырған соң, бәлкім көңілін жібітіп, кешірім де сұраған болар, үшінші рет тағы келеді. Тиранның аты тиран емес пе, әуелде ниеті оң болғанымен, уақыт өте төзімі таусылып, Платонды өлім жазасына кесу туралы шешім қабылдайды. Сонда тиранның туысы, бір жағы Платонның адал шәкірті түнделетіп қаладан қашуына көмек береді. Өлім аузынан қалғанын түсінген Платон содан кейін бұл қалаға төртінші қайтара аяқ баспайды.


Ізгі идеяға сену - мәдениет. Ой-сана, қимыл-қозғалысыңды тәртіптейді. Ерік-жігеріңді шыңдайды. Идеяға сену жәй ғана мәдениет емес, бұл һәрекетті мәдениет - соның жолында басыңды қауіпке тіге білу мәдениеті. Сократ та, Платон да осындай идеяға сенушілер. Олардың "аңқау", "сенгіш" көрінуі сырт көзге ғана, шын мәнінде олар үшін маңыздысы идея. Оның сыннан өтуі. Игілікке жарауы.


Сократты өлтіргенде, Платонды өлтіре жаздаған да жаңа идеяға қашанда жаны қас - мемлекеттік аппарат. Бюрократтық жүйе. Мұны сылып алып тастау мүмкін емес. Бұл бұлшық еттегі без секілді, жеуге жарамаса да атқарар қызметі зор. Сондықтанда "битке өкпелеп, тонды отқа жақпас үшін" дамыған елдер саяси плюрализмді шынайы енгізу, сөйтіп азаматтық қоғамды дамыту арқылы бұл мәселенің оңтайлы шешімін тапты.


Азаматтық қоғам дегеніміз - мемлекет өз білгенімен емес, дені сау қоғамның дегенімен жүретін бақылау институты. Ізгі идеялардың да авторы қоғам болып, мемлекет оны өмірге енгізуден әрі аспайтын жүйе. Мәселен, бүгінгі батыстық құқықты (континеталдық құқық) 70-ке жуық профессор көне рим құқығы негізінде дайындап (40 жылдай), оны мемлекет қабылдау арқылы өмірге әкелді.


Алайда, осы күні қоғамдық идеяжасамның халі тым мүшкіл. Конституция нормасы тиым салғанына қарамастан, мемлекет ұсынған идеологиямен өмір сүріп отырмыз. Патерналистік сананы мемлекеттің өзі қолдап отырған жайы бар: халықты мойынға салып асырамау үшін, идея жасамды да өзіне табыстау қажет. Мемлекеттен нанды да, идеяны да сұрай беретін қоғам орнатып алсақ - біткен жеріміз сол болмақ.


 


Қазыбек Дәуітәлі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 10:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30